Тоқаев неге президент болды?

Тоқаев

Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді

Елбасы президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын асықпай, зер сала қараған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы лауазымына не себепті ұсынғанын айтты. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті «Абай аманаты» мақаласында жазды.

Елбасы президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын асықпай, зер сала қараған.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бірге жұмыс істегенін, оның адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін, әлемдік саясаттағы дипломатиялық қырын ескергенін айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергенін, Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым», – деді Назарбаев.

Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында мемлекет басшысы өкілеттігін өз еркімен тоқтатты. Келесі күні сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті қызметіне кірісті. Өткен жылдың маусымында Тоқаев сайлауда 70,96% дауыс жинады.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта Қауіпсіздік кеңесінің, Nur Otan партиясының және Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы.

© sputnik.kz