Дәрігерлер мерт болды деп мәлімдеп, мәйітханаға жіберілген ер адам тіріліп кетті деп хабарлайды stan.kz

Испанияның солтүстігіндегі Астурия повинциясында түрмеде жазасын өтеп жатқан Гонсало Монтойя Хименес есімді азамат түрмеде есінен танып қалған. Дәрігерлер оның өз жұмғанын мәлімдеген.

Туыстарының айтуынша, ер адам денесін көмер алдында есін жиған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Болжам бойынша, Хименестің талмасы ұстаған болуы мүмкін. Каталепсия талмасы кезінде адам денесі жансызданып, ағза мүшелерінің жұмысы тоқтап қалады. Сол себепті адам көз жұмғанмен тең көрінеді. Алайда ер адамға әлі нақты диагноз қойылған жоқ.

Ер адамның өлімі жайлы түрменің үш дәрігері мәлімдеген. Олар ер адамды тексеру үшін мәйітханаға жөнелткен.

Бөлісу