Жанар Дұғалованың «Ала кетпедің» атты әніне түсірілген бейнебаянынан соң, жұрт оның сымбатты бойдақ Тәуекел Мүсіліммен ара-қатынастарының барына күмәндәніп қалған еді. Бірақ, олар бұл сауалға жауап берген жоқ, есесіне бұл жерде суреттері сөйлемек.

Бұған дейін әріптестер Бакуде бірге демалып жүрген суретімен желіде бөліскен еді. Суреттер нақты ештеңе айтпағанымен, дәл осы сурет Тәуекелдің талай жанкүйерлерінің көңілін суытқандай.

Аталмыш суреттің артынан қап-қара смокинг киіп, сәнденіп алған Тәуекел мен қалыңдықтың аппақ көйлегін киген Жанардың суреттері желіде тарап кеткен еді.

Осы жолы Жанардың туған күніне орай Түркияда жүрген сәттерін желіге жүктеді.

Қанша жасырынуға тырысқанымен, осылайша өздері байқамай ұсталып қалып жатады әншілер. Бірақ, халықтан ештеңе жасыру мүмкін емес екендігін түсінсе, шіркін…

Жариялаған365info
Бөлісу