Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№187 Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта мектебі
мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Султанова Бахыткуль Султановна

Тәрбие сағаты: « Ана – өмірдің шуағы»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Барысы:
Мұғалім: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі тәрбие сағатымыз да аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар! – дей келе құттықтау сөз кезегі арамыздағы ардақты әже әрі ардагер ұстаз Рыскүл апайға сөз беріледі.
Расул:
Ана деген асыл сөз
Құрметтей біл, сен оны.
Анадай адам табылмас,
Араласаң әлемді.
Нұрай Алтынбаева:
Ардақтай біл сен оны,
Баға жетпес адамды.
Қадірлеймін әрқашан,
Ақ жаулықты анамды.
Ерасыл:
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң ба екен?
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?!
Ақжібек:
Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен?!
Жансая:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Мұғалім: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде бала тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы Құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Алтынбаева Нұрайдың орындауындағы «Өзбек биі»
Диас:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттініде жасырып.
Аида:
Тосып тәтті – дәмдерін
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Ән: « У меня есть бабушка»(хормен)
Әділет, Дінмұхаммед, Әкежан, Нұрдәулет:
Аналардың анасы,
Балалардың панасы,
Әжемізді сүйеміз,
Әдеппен бас иеміз! (бастарын иеді)
Рахат:
Мы подарок маме,
Покупать не станем,
Приготовим сами,
Своими руками.
Дінмұхаммед Рысбай:
Дорогие наши мамы!
Заявляем без прикрас,
Что ваш праздник самый, самый
Самый радостный для нас.
Кәусар:
Поздравляем наших мам,
Обещаем часто вам,
Баловаться мы не будем
И про сори позабудем!
Айымжан:
Много мам на белом свете,
Всей душой их любят дети.
Только мама есть одна-
Всех дороже мне Она.
Кто она? Отвечу я..
– это мамочка моя!
Ән: «Мамин праздник» (хормен)
Іңкәр:
Құшағы кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың –
Анам қандай жақсы адам
Амина:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Әлихан:
Шәй ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Махамбет:
Қарсы алайық бүгін бір,
Ғасыр таңын, апа.
Ұзақ – ұзақ ғұмыр сүр,
Қыһасыңдамын, апа.
Әліби:
Жарқырасын маңдайың,
Ауырмашы, апа.
Құтты болсын әрдайым,
Туған күнің, апа.
Аружан:
Өзің маған бақ берген,
Өмір берген, апа.
Бестік толы дәптермен,
Қуантайын, апа.
Айя:
Саған ғана арнадым,
Бар тілекті, апа.
Өміріңді жалғадым,
Бақытты бол, апа.
Ән: « айналайын, ақ мамам!» (хормен)
Дінмұхаммед Отарбай:
Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,
Апатай өзің менің асқақ әнім.
Өсірдің әлдиледің аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.
Сұлтан:
Ананың әрбір сөзі ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Қашанда ана үміті ақталады.
Алпысбаева Нұрай:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз.
Мұғалім:
Құрметті ата – аналар, ұстаздар және ардақты әжелер осымен бүгінгі 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған « АНА – өмір шуағы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздердә тағы да мейраңызбен құттықтай отырып, атбасыларыңызға тыныштық пен амандық тілеймін!

Қызылорда қаласы.
№187 Мұстафа Шоқай атындағы мектептің мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Султанова Бахыткуль Султановна

Бөлісу