Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

«Ана –асыл жан»

2 сәби «А» тобы

Тәрбиеші:Р.М.Кунанбаева

 

 

 

 

2016-2017 жж

Жүргізуші:

Күн де, жер де,

Бұлт та, жел де,

Бүгін қандай жайдарлы!

Көптен күткен көктем келді қалама

8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші:

Балалардың сіздерге арналған тілектерін қабылалыңыздар.

Тақпақтар:

1.Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді. Сания

2.өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, жан әжем? Айнара

3.Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар. Қайсар

4. Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз. Аяулым

5. Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам. Сагдиана

Ән «Нұрын төккен маған»

Жүргізуші: Бұның ішінде кім бар?

Полина: Мен жас балапанмын.

Дильназ: Мен ақүрпек балапанмын.

Нұрәлі: Жұмыртқадан жарылып шыққан балапанмын.

Полина: Бүгінаналар мерекесі, анамыз қайда?әлем неге сондай қараңғы?

Дильназ: Анамызды құттықтап сыйлық берейік.

Нұрәлі: Күннің көзі қайда?

Санжар: Анасыз бізге күн суық.

Айшэн, Аяулым:Күннің көзін іздейік, анамызды табайық.

Жүргізуші:Балапандар аналарын, күннің көзін іздеп сапарға аттанады.

Бір мезетте ағаш бұталарында қонақтап отырған құстарға жолығады.

Қайсар:Сендерге не керек?

Полина: Бізге күннің көзі керек.

Санжар: Күннің көзі болмаса, анамызды қалай табамыз?

Алихан:Анамызды бізде сүйеміз.Анамызға би сыйлаймыз.

Би: «Құстар» ұлдар

Ал сендер аналарыңды бәйшешек гүлдерінен сұраңдар.

Жүргізуші:Балапандар аналарын іздеп, көктем гүлдеріне жолығады.

Би: «Гүлдер» қыздар

Нұрәлі:Көктемнің әсем гүлдері, күннің көзі қайда, қашан шығады?

Гүлдер: Сендерге күннің көзі не үшін керек?

Дильназ:Күн сәулесін шашса, анамызды табамыз.

Гүлдер:Күннің көзін қораздан барып сұраңдар.

Қораз:КУ-КА-РЕ-КУ! Сендерге не керек?

Нұрәлі: Бізге күннің көзі керек.

Қораз:КУ-КА-РЕ-КУ! Күннің көзін шығарып

Барлығын қуанышқа бөлейін.

Би: «Шөжелер»

Полина:Әне біздің ардақты анамыз.

Айшэн:Анамызды сағынамыз,анамызды құттықтаймыз.

Барлық балапандар анасының жанына жүгіріп барады

Жүргізуші:Балапандар күннің көзін тауып, аналарына жолығады.

Тауық келеді:Сары үлпілдек балапандарым, анаға ең жақсы сыйлық, ол сендердің амандықтарын!Ауырмай, жақсы балапан болып өсіңдер!Маған содан ешнәрсе артық жоқ.

Ән: «Анамызға көмек»

Ортаға ақжаулықты Әже шығады, балардың қасына келеді.

Әже: Жүрегім кім менің?

Балалар: Ол біз.

Әже:Тірегім кім менің?

Балалар: Ол біз.

Әже: Жаным кім менің?

Балалар: Ол біз.

Әже: Сәнім кім менің?

Балалар: Ол біз.

Әже: Сендер менің бар бақытымсыңдар, аман жүріңдер.

Ән: «Әже»

Балалардың сіздерге арналған тілектерін қабылалыңыздар.

6.Балабақшам базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты. Айзара

7.Шай қайнатып келейін,

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем. Айжан

8. Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын. Алуа

9. Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып-ойнап күлем.

Жүргізуші:Тілейміз аналарға

Балалар:Зор денсаулық, мол бақыт

Ән: «Аяулы Анашым»

Құттықтау сөз балабақшамыздың басшысы:Мухтаева Жанар Акимжановнаға беріледі.

Ата-аналардан ізгі тілек айтылады.

Құрметті ақжаулықты әжелер, абзал жанды аналар, қыздар мерекелеріңізбен қүттықтай отыра балалардың сіздерге арналған

сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Бөлісу