Бізде ғана емес әлемнің көптеген елдері 1 сәуірді әзіл күні ретінде атап өтеді.

Неге дәл осы күні қалжыңдасып, бір-бірін алдап жатқанына, бұл дәстүрдің қалай пайда болғанына көпшілігі мән бере бермейді. Шын мәнісінде бұл қайдан келген дәстүр? Біз бүгін осы сұраққа жауап іздеп 1 сәуірдің шығу тарихына үңіліп көрдік.

1 сәуір – әзіл күні екені туралы әртүрлі мәдениеттер, наным-сенім және қоғамдарға қатысты көптеген аңыздар мен қауесеттер бар. Олардың бірінде Рим императоры Цезарь тарапынан б.э.д. 46 жылы күнтізбеде жыл басы қаңтар айынан басталатыны туралы жария еткеніне қарамастан, Европа халқы  XVI ғасырға дейін жаңа жылды дәстүрлі түрде наурыз айының 25-і күні атап келген екен. Сондай-ақ, еуропа халқы күнтізбенің ауысуына наразылық ретінде 1 сәуір күні қызықты шаралар ұйымдастырып, бір-біріне сыйлықтар беру дәстүрін қалыптастырған. Ал өзгелер бұларды «1 сәуірдің ақымақтары» деп кекетіп, осы күнді «Барлық ақымақтардың күні» деген атап кеткен. Уақыт өте келе жаңа жыл санауға әдеттенген кейін француз мәдениетінің бір бөлігіне айналып кетеді. Кейіннен Ұлыбритания, Америка халқына  таралған.

Ал, 1 сәуірдің ислам діні мен немесе мұсылман қауымымен қандай да бір байланысы жоқ.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні біздің қоғамымызда кейбір адамдар дəл осы күні бірін-бірі алдап, шектен шығып кетеді. Кейде еш тартынбастан басқа адамдардың ар-намысына тиетін сөздерде айтылып жатады. Бұл – дұрыс емес. Өйткені, ислам діні адамдарды себепсіз алдауға жəне біреудің артынан ғайбат сөз сөйлеуге қатаң тыйым салады. Имам Бұхариден жеткен бір хадисте: «Мойнында құл ақысы болған адам өлмей тұрып ақысын өтеп, пенденің өзінен разылығын алсын! Өйткені, ахиретте алтынның, малдың қадірі болмайды. Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауапта- рынан алынады, сауаптары қалмаса ақы иесінің күнəлары оған жүктеледі» делінген. Яғни, мойнында құл ақысы болған адам тəубе ету үшін оның ақысын дереу өтеп, разылығын алуы керек. Олай болмаған жағдайда күнəлардың кешірілуі қиын жəне өте ауыр. Сондықтан, 1 сəуір күні адамдар əзілдессе де, бір-бірін алдап, бəсекелесіп, шектен шығып кетпегені жөн.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теолог

e-islam.kz

Ілмектер: Алдау күні, алдау күні туралы мәліметтер, алдау күні: алдаған дұрыс па?

Бөлісу