«Ұлыстың ұлы күні» наурыз мейрамына арналған сценарии

Пролог: «Көгілдір көктем»

Жүргізуші-наурыз:

Қайырлы күн көгілдір ару көктем,

Міне бізге мейрамды  ала келдің.

Қар еріп, жер көктеп, құс сайрап,

Келді міне наурызым көптен күткен.

Көктем:

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын енді шашады.

Жүргізуші-наурыз: -Армысыздар көрермен қауым! Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы құтты болсын!

Көктем: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер- көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын сәт.
Жүргізуші-наурыз: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

Көктем:Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

Жүргізуші-наурыз: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.

Жүргізуші: Қазақ даласының төріне келіп жеткен жаңа жыл-жылқы жылы. Жылқы малы ең қасиетті де киелі жануарлардың бірі.

Көктем: -Ер қанатын тұлпарға балап, жеті қазынаның  бірі саналатын жылқы жылы есік қағып келіп қалды ағайын. Тұлпарға мініп желдей ескен жігіттерімізді «Тұлпарым» әнімен ортаға шақырайық.

«Тұлпарым» әні-Дидар, Дияр, Даниял, Ерден

Жылқы: (ортаға шығады , музыка ойналады)

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Жылқы «Көкпар» ойынын ойнатады.

Көктем: -Желмен ескен жылқым кел төрлет!

Жылқы:-Рақмет жаңа күн ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы құтты болсын.

 

Көктем:- жаңа жылымыз тек жақсылықта өтсін деген  ниетпен, ақ батасын ала келген Қыдыр атаны ортаға шақырайық!

Қыдыр ата: (қолын жайып бата береді)

Үлкенің мен жасыңа
Береке қонсын басыңа!
“Наурызға” келген халайық.
Жамбылдың жеткін жасына.
Ырыс, дәулет мол болсын,
Жылда осындай той болсын.

Әумин!

Жүргізуші-наурыз:: Қыдыр ата төрлетіңіз, бүгін  бізбен бірге  болыңыз! Біз тойымызды әрі қарай жалғастырайық.

Қыдыр ата: Рахмет, балаларым.

Көктем: -Наурыз тойын бастаймыз

Бимен оны қостаймыз

«Тойбастар»  би

«Бай мен Алдар-жыртық тон»- көрініс

Әндетіп Алдар келе жатады.(муз мен Алдыр)

Көктем: Иә, Алдар көңіл-күйің жақсы екен, амансың ба?

Алдар: Аманбысың шуақты көктем!Наурыз мейрамы құтты болсын.

Иә сараң байды алдап,мінеки наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келем.

Көктем: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал,наурыз мейрамың құтты болсын!

Алдар: Рахмет көктем ! Мен сендерге құр қол келген жоқпын.Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойын ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.(Асық ойыны)

Жүргізуші-наурыз:: Рахмет саған Алдар .Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.

Алдар: Рахмет

Ән «Поппури»

Жүргізуші-наурыз:: Көктем  алыстан шулаған балалардың бақырған есектің даусы естілетін сияқты, бұл не болды екен?

Көктем: Иә, бұл бір қызық болды ғой, бір топ балаларды ертіп, есегімен Қожанасыр келе жатыр.

Жүргізуші-наурыз:: Шынымен бе?

Көктем: Иә, наурыз мейрамына келе жатқан болу керек.Алдынан шығып қарсы алайық.

(Есегімен Қожанасыр – 3 бала келеді)

Көктем: Амансыз ба Қожеке!

Жүргізуші-наурыз:: Ұлыс оң болсын.

Қожанасыр: Амансыңдар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын!Макинск № 4 орта мектебінде наурыз мейрамын тойлатып жатыр дегенді естіп, әдейі алыстан келе жатыр едім, бұл қай мектеп екен?

Жүргізуші-наурыз:: Иә ендеше  сол іздеген мектебіңіз осы болады.Қош келдіңіз.Төрлетіңіз, балалардысізді көріп қуанып қалды.

Қожанасыр: Қош көрдік, менде қуаныштымын.Менің есегімді балаларда жақсы көреді, қызықтайды.Ендеше балаларды есегіме міңгізейін, сосын дастархан басына төрлетермін!  (1-2 баланы есегімен ойнату)

«Қамажай» би

Көктем: Наурыз білесің бе? Мен қанша шуығымды шашып, мейріленгенімен қалың қыстың етегі сөгіле қоймаған тәрізді.Тезірек қар түгелдей еріп, ағаштар бүршік ашып, жер көктеуүшін не істесек екен?

Жүргізуші-наурыз:: Иә аздап салқын ,айнала әлі қар.Ол үшін біз шуағын шашқан алтын сәулелі ару күнді, қасиетті жер ананы, ыстық ықыласты от ананы ортаға шақырайық.

(Муз- жер ана, от ана, ару күн шығады.)

Жер ана: (бата береді)-шашу шашады.

Жетегің бұйда болсын,

Арқаның шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын.

Бесігің алдыңнан түспесін,

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Жамандық саған жетпесін.

От ана: Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік таңы оянды.

Ару күн: Уа, жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!

Армысыздар көрермен қауым! Наурыз мейрамы  құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Салт-дәстүр-Беташар – кейіпкерлер:

күйеу жігіт-Дастан, анасы-Шолпан Мұхамадиевна,  әкесі- құда,Мәдетхан ағай,

жеңгесі 1-Саттаровна,  Замира, қыздың ата-анасы- Анар Ризабековна, Өмірбай

Қыздың әкесінің батасы
Құлыным-ау құлыным,
Халқыңа қалаулы бол.
Еліңе елеулі бол.
Таудай талап бергенше.
Бармақтай бақ берсін.
Ата-анаң дегізбе,
Ата-анаңа мейірбан бол.
Алдыңа ай тусын.
Артыңнан күн тусын!
Үлкендердің алдынан
Кесе-көлденең өтпе.
Ата атандырма,
Сүйек сындырма, қалқам!
Әумин.

Көктем: Аяулы да қасиетті аналар біздің мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!

Ән «Қош келдің наурызым»

Жүргізуші-наурыз:: Көктем байқайсың ба, анау жерде бір ойын – сауық болып жатқан сияқты.

Көктем: Иә бір топ жастар нені тамашалап тұр екен. Жүр бізде барып тамашалайық.

(бір шетте тазша бала  жастардың ортысында тұрады)

Жүргізуші-наурыз:: Ой бұл кәдімгі тазща бала ғой, амансың ба?  Наурыз мейрамың құтты болсын!

Көктем: Ұлыс оң болсын!

Тазша бала: Рахмет, наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын.

Көктем: Сендердің сыңғырлаған күлкілеріңді естіп біз де келдік тамашалауға, мұнда не болып жатыр.

Қыз: Тазша бала бізге қырық өтіріктерін айтып күлдіріп жатыр

Жүргізуші-наурыз:: Ендеше бізде тыңдайық.

Тазша бала:

Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым,

Кұмырсқаның асауын  қойдай бақтым.

Асауын шегірткенің ұстап мініп,

Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым.

Бір қоянға міндім де, аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай, жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.

Дүниеде ауыр екен  үрген қарын,

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.

Атандарға үш төстеп артып едім,

Көтере алмай, жығылды, жануарым !

Көктем: Ал жастар осындай тамаша өлеңді әрі қарай би мен жалғастырайық.Ал тазша біздің дастарханға төрле, бишілердің биін тамашалайық.

«Жігіттер» биі

Көктем: Қандай жауынгер, әрі биші  жігіттер .Олар тек биді ғана билеп қоймайтын шығар,білекті  жігіттердің күштерін байқасақ қайтеді.

Жүргізуші-наурыз:: Әрине біздің қазақтың жігіттері әр қашан – күш жігерлі, әрі батыр емес пе.

Көктем: Иә күш атасын танымас деген,қазақтың  батырлары Қамбар батыр мен Алпамыс батырды ортаға шақырайық.

(Қамбар , Алпамыс ортаға шығады)

(Муз, біздің жігіттер ойналады)

Алпамыс:

Армысыздар жиылған жұрт ағайын

Күш жігерден тойға моншақ тағайын

Батырлықты, қайсарлықты үлгі етіп

Жігіттердің жүрегіне үміт отын жағайын.

Қамбар: Ассалаумағалейкум!Наурыз мейрамы құтты болсын,

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

Көктем: – Армысыздар ма батырлар!

Наурыз мейрамына қош келдіңіздер

Қамбар:-Рахмет, қош көрдік. Сіздердің мейрамдарыңызға келген себебіміз қазақтың білекті де батыр жігіттерін қатарымызға қоссақ деп едік.

Алпамыз: -Осында көптеген қайсар, ержүрек, батырлар бар екеніне сеніміміз мол.

Жүргізуші-наурыз:-Әрине өздеріңдей батырларды үлгі еткен жігіттеріміз бар.Ендеше жігіттердің білек күшін сыналтып көрейік.

(ойын: «білек сынасу», «арқан тарту»)

«Вальс-көктем»

Ән- «Балдырғандар әні» хор

Жүргізуші-наурыз:Көктем наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.

Көктем: -Иә, наурыз көже ең дәлді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде алып тайқазанға пісірген. Наурыз көже дүйім жұртты аштықтан аман алып қалған. Наурыз көже 7 түрлі тағамдардан жасалды, әрі қасиетті тағамға жатады.

Жүргізуші-наурыз:- Ендеше ауылдарға қыдырып қайтайық.

Жүргізуші-наурыз:Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Көктем: -Наурыз, жыл басы,- жаңа жыл құтты болсын.

Финал «Сарыарқа күйі»