Түс жорулар
Атамзаманнан бері адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға қатысып, қорқынышты жағдайларға ұшырап, кейбіреулердің айғайлап сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттермен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім.
Ал қазіргі заманғы ғылыми деректерге келтірілген дәйектемелер мен болжамдарға сүйенсек, түс көрудің сыры туралы төмендегідей түсініктеме жасауға болады.
Ғалымдардың айтуынша, мида адам баласы жаралғалы бергі барлық ақпараттық хабарламалар, деректер бар көрінеді. Дені сау, ақыл – ойы дұрыс дамыған деген адамның өзі ми қызметінің 3, әрі кеткенде 4 пайызын, тіпті ғұлама жанның өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатын көрінеді. Былайша айтсақ, ми — адам еркіндегі ақыл – ой және адамның еркінен тыс ақыл – ой орталығы болып екіге бөлінеді.
Адам еркіндегі ақыл – ой орталығы өсіп – жетілу барысында, өмірді көріп, тәжірибе арттырып, оқып – білім алу негізінде жетіліп толықтырылатын болса, еріктен тыс ақыл – ой орталығы адам еркінен тыс жалғанған құбылыстардан тоқтаусыз толықтырылып отырады дейді ғылыми болжамдар.
Адам ағзасындағы ең күрделі, атқаратын қызметі мен ағзаны басқарудағы тылсым сыры әлі толық ашыла қоймаған мүше — ми. Оның сан қырлы қасиеттері мен құпияларын толық ашарлық зерттеу деңгейіне ғылым әзірше қол жеткізе қойған жоқ. Дегенмен де ми қызметінің оның ағзамен үндестігінің, ағзаға қызмет ететін әсерлік күшІНІҢ біршама жәйттері мәлім бола бастаған тәрізді.
Адам еркіндегі ақыл – ой дегеніміз бұл адамның күнделікті тіршілігіндегі іс – қимылын, ОЙ – ТҮЙСІГІН, арман, мақсатын орындаудағы әрекетін көру, білу, тану сияқты талап – тілектерін іске асырудағы қимылын адам қалауына орай басқаратын орталық. Ал мидың қалған 93 пайызы адам еркінен тыс, адамға бағынбайтын орталық болып есептелінеді.
Түс жору — адам баласына даритын сирек қасиет. Түсті мүмкіндігінше көрген – түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала – шағаға айтпаған жөн. Дегенмен жақсы түске де, жаман түске де садақа беру керек.
Ертедегі тайпалар адам ұйықтағанда оның жаны кеудесінен шығып кетеді деп ойлаған. Сондықтан шырт ұйқыда жатқан адамды оятуға болмайды деп есептеген. Өйткені, «саяхаттап» жүрген жан өзінің иесіне қайтып келуге үлгере алмай қалады – мыс.
Түс көрудің бес түрлі себебі.
1. Ерекше әсер қалдырған, күндіз өңінде көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен түс көру.
2. Күндіз істеген шаруаларға, жұмыстарға байланысты түс.
3. Ауырған себепті көрген түс.
4. Аян беру.
5. Жанның мазасыздануына байланысты түс көру.
Алғашқы үш жағдайда көрген түске мазасызданудың көңіл аударудың қажеті жоқ. Ал аян берудің жөні бөлек. Қасиетті дін кітаптарында мұндай түсті жоруға болмайтыны айтылады. Осылардың ішінде ертедегі ойшылдардың басты зерттеу объектісі болғаны — жанның мазасыздануына байланысты түс.
Сондықтан да, түсті жорыр алдында мына жайларды анықтап алған жөн:
1. Түс көруші адамның денсаулығы қалай еді? Түс көрер алдында көңіл – күйіне ерекше әсер еткен жайларды бастан өткерген жоқ па?
2. Түс көрер алдында нендей іспен шұғылданды? Сол кезде оның көңілін алаңдатқан, ерекше назарын аударған жай болған жоқ па?
3. Түс көріп жатқан кездегі айналаңдағы ахуал қандай еді? Сартылдаған тарс – тұрыс дыбыс, музыка үні, өте суық немесе өте ыстық бөлме, тыныс тарылтар ауа түс көруіңе ықпал ететіні есіңізде болсын.
4. Көрген түстің басыңнан өткен оқиғалардың қайталануына немесе бұған дейін бастан кешкен жайлардың сәл – пәл өзгертілген бейнесіне ұқсай ма?
5. Егер түс көруші адамның денсаулығы жақсы болса, егер түс өңінде көрген жайлардың әсерінен тумаса, егер айналаңда түс көруге әсер етерлік ерекше бір жағдай болмаса, егер түс бастан кешкен жайлардың қайталануы болмаса, онда мұндай түсті жан мазасыздығы деп айтуға негіз бар.
Түс жорыған кезде сондағы көрген оқиға мазмұнына түгелдей көңіл аудару керек.
Мысалы, сен түсіңде шарбақ көрдің делік. Бұл сіз үшін ештеңе білдірмейді. Бұған бола мазасызданудың, ойланудың қажеті жоқ. Ал егер ол сіздің үстіңізге құласа, онда бұл түстің мағынасы бар.
Адам өзінің ойын сан алуан әдіспен, сөз өрнегімен береді. Түс те сол сияқты. Оның мағынасы сан алуан жолдармен беріледі. Мұның бәрін санамалап шығу мүмкін емес.
Нұрманов Әбен(Әбдіәлі) Алдабергенұлы
э. ғ. д. профессор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Нострадамус атындағы Халықаралық Академияның (Франция) академигі
*Түсте биікке немесе тауға шығу – жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы – мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау – бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау – өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру – өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл – өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм – зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнәдан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу – жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау – жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл – жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұрмыс кешеді.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс – өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу – өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып – соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара – пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мінәжат етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру – жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді – отты көру – жаман.
*Түсте тісін сындырып алу – өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.
Активтігі: 17%
* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый – құрметке бөленеді.
*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол – өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.
*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру – жақсы нышан.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру – жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді – отты көру – жаман.
Активтігі: 14%
Құстар
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде тауысты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.
*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.
*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық – түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң – мұқтажынан арылады.
Активтігі: 12%
Андар
*Ешқандай зиян – залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.
* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
Активтігі: 13%
Төрт — түлік
*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман – тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман – тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп – қатер бар болғаны.
*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал – мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол – жақсы. Өйткені түйе – ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп – жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру – жақсы.
* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген – әзірейлінің өзі.
*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні – ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру – өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру – жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.
Активтігі: 14%
Тағамдар
*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық – түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол – өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп – жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат – шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім – жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
— бір құшақ немесе арбалап отын әкелсең, келешегің жарқын болады, болашақта жақсы өмір сүресің;
— машина мініп, есік алдына айдап әкелсең, үлкен олжаға кезігесің;
— жылан көрсең, жақында қуанышқа кенелесің;
— өзің қайтыс болсаң, онда өңіңде ұзақ өмір сүресің;
— пышақ көрсең, әйелің ұл табады;
— дарбыз көрсең, қуаныш – шаттыққа бөленесің;
— жел тұрып тұрса, махаббат нышаны;
— балық көрсең, жолың болмайды;
— мысық көрсең, қас адамыңа жолығасың;
— лас нәрсе көрсең, ауырасың;
— жалау көрсең, біреумен силасасың;
– қарға көрсең, үйленесің, тойың болады;
— қағаз ақша көрсең, қуанышқа молығасың;
— ай көрсең, бір сұлуға жолығасың;
— сүлгі көрсең, біреуден хат – хабар аласың
А
Абайламай біреуді қағып кетсеңіз — шығын болғалы тұр;
Абақтыға қамалу – ісіңізде сәттілікке тап боласыз;
Абжылан – қасиеттің қонуы; айбат шегіп тұрса – сізді жаманшылықтан сақтандыруы; беліңізге оралып қалса – тылсым сырдың қасиетін білетін кісі боласыз;
Ағаш аяқ енсе – сіздің достарға деген сеніміңіздің жоқтығын айғақтайды. Ақсақал таяқты беріп тұрса — игіліктің ерте – кеші жоқ;
Ағаш – табыс, кесіндісі – мұра;
Ағаш басында сарнап отырған қара торғайды көру – дәулет;
Ағашты тақтай етіп тілгенін көрсе — өлім хабары;
Ағаш жару — өсектен азат болу;
Адам: жас бала – қуаныш, танымайтын – дұшпан, ересек адамды жас бала кейпінде – сенімсіздік, өзіңіз танымайтын жас жігіт – біреудің өкініші, келіншек – байлық, қызықшылық, ақсақал – тоқтық, жас жігіт қартайса – көңіл көтеріледі;
Ажалдың аузында жату – жақсы бір адымды ренжіткеніңіз;
Азу тістеріңді құрт жесе – қиындық;
Айбат шегіп тұрған арыстанға тап келу – сәтсіздік;
Ай мүйізді ешкі көрсең — есіктен кіріп, төр менікі деме;
Ай – ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар;
Айды бұлт жапса – өлім туралы хабар;
Ақ атқа мінгенін көрсе — үйіріне тап болмақ абыройдың, байлықтың;
Аққу – сыйлық, байлық, мұра; өлсе – сәттілік;
Ақ киімді ақ сақалды көрсе – аброй беделге кенелмек;
Акула — түсіңізде акулаға тап болып, қорқып судан қашып шықсаңыз, қыздармен құмар басып қуанасыз;
Ара — ұтыс;
Ара шақса – өтті – кетті қызықты күн;
Арыстанның өліп жатқанын көрсеңіз – асылмұраға тап боласыз, даңқыңыз артады;
Арап – егер түсіңізде ұлты арап адам сөйлесе — жақсы. Бұл түс барлық кедергіден, қиыншылықтан сақтап, сәттілік пен бақытқа апарады. Түсіңізде арап теріс айналып кетсе – сізге кедергі жасамақ адамдар болса, сондан құтыласыз әрі сізге сақ, айналаңызға мейірімді болуды ескертеді;
Артист – күтпеген жағдай, егер сахнада тұрсаңыз – өтіріктің ортасында қаласыз;
Артист – сахнадаойнаптұрған артистке басқабіреукедергіжасаса – отбасыңыздаүлкен дау болуымүмкін. Абайламасаңыз, ажырасуыңызғажапемес. Күтпеген, ойламағанжердегіөкініш. Түсіңізде артист масболыптұрса – сіздің істеріңіз ақшалай шығынға ұрындырады;
Артист күліпкеліп, бар дауысымен бас салса – сенімдегі достарыңыз сізді алдап жүр. Абройыңыз айрандай төгіліп, көпке мазақ болауыңыз мүмкін, сақ жүріңіз;
Арақ – құйсаң – қуаныш, тойсаң – сәтсіздік, сатсаң – ұрыс – керіс, түсіңізде арақты төгіп алсаңыз, уайымға батырар;
Арқан – егерде түсіңізде байлаулы арқанды шешіп алсаңыз, көрген – білгеніңіз бен түйгеніңізді айтып, мақтанасыз. Түсіңізде тұзақ етіп қойған жуан арқан көрсеңіз – қулық пен күнк өріп жүрсіз. Олай болмайды;
Артезиан құдығын көрсеңіз – молшылық, береке, табыс;
Археология қазба жұмыстарын жүргізсеңіз – абыройыңыз артып, сән – салтанатқа кенелесіз;
Арық – таза: жағдайыңыз жақсарады; қатты ақса қуаныш; терең: достасасыз; су алып ішсеңіз көңіліңіз тоқ; ағыс: бақытқа жолығасыз;
Арайлы таңды көре алсаңыз – істейін деп жүрген мақсатыңыз айқын, сәттілік тілейміз;
Аруақты көрсеңіз – сізге арнаулы қазына бар екенін ескертуде. Оған адамгершілік пен сабырлық арқылы ие боласыз;
Аспан – ашық: сәттілік, береке, ақшаңқай бұлт: қиыншылықты жеңу;
Аспан – түсіңізде аспанда ұшып жүрсеңіз ғұмырыңыз ұзақ болады, дәулетіңіз тасып, байлыққа кенелесіз, қуанасыз. Егерде аспаннан тесік көрсеңіз отбасыңызда ұрыс – керістің болуы мүмкін;
Аспандағы айды толық күйінде көрген адам – бір сұлуға кезігіп, махаббаты ашылмақ;
Аспандағы жарқырап тұрған жұлдызды көрсе – үлкен бақытқа кенелмек;
Ат үстінде құрық ұстап келе жатқанын көрсе — бұл да күтпеген сәттілік белгісі, малы көбейіп, тұрмысы жақсарады;
Ата – түсіңізде есігіңізді ашып, үйіңізге ақ сақалды ата кіріп тұрса, сізге бақ – дәулеттің қонғаны;
Абысын – байсалдылыққа, сөйлесе — әулетке бірлікті шақыруы, күлсе – рақымшылықты тілеу, жыласа – қажыр қайраты баяу, өкпелесе – қымсынбай әрекет етуді көрсетіп тұр.
Алма – күдіктену; жинау – жеңіс;
Алтын — көрімдік алатын болыпсың;
Алтын көрсе – асқан байлыққа тап болмақ;
Апельсин – тыныштық, қуаныш, барлық ісіңіз берекелі;
Аяқ киім – сапар; жаңа – жеңіс; ескі – байлық, мұра; жамау — сәтсіздік; таза – береке.
Аяғыңызға шұлық кисеңіз – көп ақшаға тап болмақсыз; сапарға шығасыз;
Аялдамада жалғыз тұрсаңыз — өкініш. Көпшілікпен — өз ісіне өкінбеу;
Аят оқысаңыз – Мекеге барасыз; аят оқып тұрғанды естісеңіз – діни қызметкер боласыз;
Ә
Әбдіре – ( сандық) – байлық;
Әбігерге түсу — өкінішті күндердің артта қалуы; біреуді әбігерге түсіру еңбегіңіздің жанғаны;
Әдеби мұраға иеләк ету – болашақта үлкен ғалым болу;
Әдемі гүл шоғы – ісіңізде кедергілерден құтылу, табыс;
Әдеміше келген кісімен танысу – жаңа жұыс көзін ашасыз;
Әже – бұл түс сіздің қиыншылықты жеңгеніңізді паш етеді; Арық ұзын әже – жақын арада жақсы кісілермен танысасыз. Бойы кішкентай әже – барлық істе есеп беруіңізді қалайды;
Әжеңді көрсең – бір нәрседе жолыңыз болады;
Әжетханада дәрет сындырып отырғанды көру – алтын мен ақшаның белгісі;
Әжетханаға оң аяғыңызбен кірсеңіз – пайдалы іс дегеніңіз алдайды;
Әжіміңізге өкінсеңіз — өткен ғұмырыңызға ырзашылық;
Әздекпен (жылауықпен) жүрсеңіз – бақытқа бөлену;
Әзірейілді көрсеңіз – ғұмырыңыз ұзақ болады;
Әйнекші терезеге шыны салып жатса – тез арада мақсатыңыз орындалады;
Әйел адамның басы ашық жүрсе – бойына қарай – қарай көзің талған ба?
Әйел кісіні арқасынан көру – ақша жоғалтып өкіну;
Әйеліңізбен ажырассаңыз – ауыр бейнеттен құтылу;
Әйнектің сынғаны – аттыға еріп, жаяудың бұты айрылыпты деген мағына;
Әйел – түсіңізде әйеліңіз өліп қалса – сіз жақын арада көптеген кездеспеген қыз жолдастарыңызбен кездесесіз, сырласасыз;
Әйеліңіз тәнін көрсететін жұқа көйлек кисе — өсекке қалу;
Әйел – ісіңізге береке, жүкті – қуаныш, сұлу – мол ақша табу, баламен — жанұя бақытты, әдемі – барлық ісіңіз жүреді, қуанасыз;
Әке – қуаныш
Әке – сөйлесе тез арада бақытқа кезігесіз;
Әке – түсіңізге өкініп кірсе – сіз ұнамды аяулы құшаққа зәрусіз. Ал түсіңізде әкеңіз сөйлемей теріс айналса – сіздің барлық ісіңізге реніш білдіргені;
Әкеңіз толы шелекпен су алып, үйге келсе – еңбегіңіз жанып, бақыт құшағына кенелесіз, байлық;
Әкеңіздің үстінде үлкен тон, белін буып тұрса — қажырлы еңбек ете беріңіз. Еңбегіңіздің жанғаны;
Әкіммен бірге жүру – берекелі өмір, қол алыссаңыз – сәттілік, құшақтасаң – жаңа қызыметке ауысасың;
Әнші кісімен амандассаңыз – тастаған шоқпар сорлыға тиеді;
Әнші – түсіңізде әнші ән айтып тұрып жоғалып кетсе – бұл түс алдағы келе жатқан бей – берекет мезгіл хабаршысы. Әнші өлең айтып тұрып, жыласа – сіз жақын, туыс қызды ренжіткенсіз, тезірек кешірім сұраңыз.
Әнші әйел – шығын; ән айтса – сізде көңілсіздік;
Әріп көрсеңіз — ұтыс;
Әскери киімдегі кексе кісіні көрсеңіз – бұл сіздің өткендегі істеріңіздің дәлелденгендігі;
Әсем қалаға тап болсаңыз – жақсылық;
Әскер көрсеңіз – жеңіс, әкери ант қабылдау — өкінбейсіз;
Әтір – «жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан». Әрекетте берекет бар.
Әткеншек тебу – бақытыңның бал қаймағы бес елі;
Әулие қарттар батасын берсе – «бақ келді деп тасыма, жау келсе де саспа»;
Әуедегі ұшақты көру – «адамның күні адаммен» деген бар, ескерерсіз;
Әуітте балық жүрсе – алыс сапардан табысты ораласыз;
Әшекейлі үйге кіру – береке, шығу – ұтылыс, сырттай көру — күтпеген жерден көмек келеді;
Б
Бабаңды көру – баға жетпес сәттілік, бабаң сөйлеп тұрса – баға жетпес қазынаға тап болу.
Бағбандық қызмет атқару — баға жетпес қазыналықты игеру;
Бадам жеу – табыс, алу – береке, лақтыру — мақсат орындалады;
Базар – түсіңізде базарда саудаласып жүрсеңіз мол дүниеге қол жеткізгеніңізбен, қолыңыздағыдан айырыласыз;
Базарда жаңа бас киім сатып алсаңыз – сіз адал жансыз. Күн көріс молынан жететін дәрежеге жетесіз.
Базарлықты үлестіріп тұру – көп сыйлассаң борышың көбейер, көп қиналсаң өрісің кеңейер деген бар;
Бозаналық жоласа – сізді кемсітуі, өкінбеңіз сіздің бағытыңыз дұрыс;
Байғазыға қамшы беру — әділ істің арты – олжа.
Байлау – түсіңізде ақ боз ат мамай ағашқа байласаңыз – атақ даңқ, байлығыңыз артады. Түсіңізде сізді байлап қойса – ауырып қаласыз.
Байрақ (ту) – түсіңізде үйіңіздің төбесінде байрақ желбіреп тұрса – дәулетіңіз күн сайын арта бермек;
Бақта серуендеп жүру — қуаттылық;
Бақ гүлдеп тұрса мерейің үстем болады, суару — ырыс – береке;
Бақа жамырап тарап жүрсе — құт;
Бақсыға бал аштыру – өзіңнен басқаға сенбе;
Бақсы – түсіңізде бақсы емдеп жатса – орындалмайтын арман;
Бақырауық шыңғырса — біреу сенің затыңды жымқырады, абай бол;
Бақтың саясында жүру – игілік;
Бақтан алма жинап жүру – сенімділік, батылдық;
Бақшаңызды қалың арам шөп басып кеткенін көрсеңіз – жақындарыңыз сіздің аяқ алысыңызды аңдуда, өкіндірмек;
Бал – зиянкестен құтыласыз, мол табысқа жетесіз;
Бала – сүю – тыныштық; ойнаса – сәттілік, шешесімен бақытты болу, ұру – жеңіске жету, өлсе – қуанышты хабар;
Бала емізу – болған кісі болдым демес, байсалды болыңыз;
Балаларды ойнату – жетістік;
Балгер сәлемдессе – көз салма біреудің бермесіне;
Балкон — егерде балконда қорқып тұрсаңыз, сіз қуанышқа кенелесіз. Түсіңізде балконнан кіріп жатсаңыз тілегіңіздің орындалғаны;
Балта – егер түсіңізде балтаны аспанға қарай лақтырсаңыз – мұндай түс көргеннің басына қайғының келгені.
Балта – шабу – келіспеушілік; жұмыс — табыс; жоғалту – қуаныш; сабы сынса – садақа бер;
Балшық – түсіңізде аяғыңызбен балшық илеп жатсаңыз – сізді біреулер орынсыз жазғырады, жақсы істерге басшы боласыз, молшылық.
Балшықпен бір затты істеу – тастап кеткен ісін жандандыру;
Балық аулау – байлыққа тап болмақ, балықтың екеуін көру — жарыңызды алдап жүрсіз, байқаңыз;
Бамбук – жеңгетайлықтан сақтаныңыз;
Банан — сақ болуды ұмытпаңыз;
Барабан алып жүру – намыссыз, арсыз шабармансыз;
Баржада жүзу – байлық;
Бармақ бүгу – игілікті істі игеру;
Барокамерада жату – мамандықты қайта өзгерту;
Барымта жасау — арамзалық;
Бархыт – түсіңізде бархыттан тігілген киім кисеңіз – даңқыңыз артып, ісіңіз сәтті болады;
Бас — үлкен — сәттілік; бөлінсе, кесілсе – құрмет, қалың шаш – үлкен құрмет, байлық; кішірейсе – тұғырдан таю; жуу – еңбек, табыс; шаш алынса – сәтсіздік; шаш ұзарса – байлыққа жету, өмірдің ұзаруы, басқалардың күйзелуі; таз – ақымақтық; шаш түсуі – қарыздан құтылуы, қуанышпен байлыққа жету; ақ шашты – бұл түс сіздің жақын арада үлкен, жоғарғы лауазымды кісілермен кездесетініңді хабардар етуде.
Баспалдақтан төмен түсу – жайсыздық;
Баспалдақ – егерде баспалдақпен түсіңізде жоғары шығып бара жатсаңыз — қызметіңіз өседі;
Бастығыңмен дастархандас болу – бір бәлеге ұрыну;
Басыңа қонған бүркітті көру — бақыт, қуаныш;
Басшыға қарсы сөйлеу — әурешілік, ұрыс – керіс, қызметтен кетесіз;
Бата алу – игіліктің ерте кеші жоқ;
Бата беру – жаманға жалынба, адамға табынба;
Батбақ сасық болса – ақша;
Бұлақ — түсіңізде бұлақ суынан өз сәулеңізді көрсеңіз — сәттілік;
Бұлақ бастауынан су – мақсаттың орындалғаны;
Бәйтеректі көлеңкелеу – беделдің артуы;
Бейітте от жақсаңыз – жақын адам өледі;
Бейіттегі жазуларды оқу – көп жақсы достарға кездесу;
Бекет — мақсатқа жету. Беймазалықтан азат болу;
Бекіре (балық) – табыс, отбасыңызға перзент келеді;
Бел ағашпен су тасысаңыз – аброй, даңқ, береке, ырыс, несібе мол болады;
Белдік – қатты тартылса – мақсаттың орындалуы; шұрық тесік – есепсіз байлық; бос – істің іркілуі; тастасаңыз – көп қиыншылықтан құтыласыз.
Белдік — егерде түсіңізде шүберектен белдік жасап, беліңізге байласаңыз — өлім.
Белдігіңіз қымбат тастармен безендірілсе – жақын арада үйлену тойына куә боласыз;
Белшеден батып суда тұру – дұшпан бетін қайтаратын сәті келді;
Бес атар ұстау – ұл туылады;
Бесік көрсең – дүниеге сәби келеді;
Бесікті жырмен тербету – ісің ақ, құдайың жақ болады;
Бесікте перзентің тербеліп жатса – берсең аларсың, ексең орарсың;
Бет – орташа, әдемі бет — сізге өмір сыйын тартады, қуаныш. Бетті бір қырынан көру әке – шешеңізді ренжіткеніңіз.
Бешпент – істің сәтті орамы келген кезі;
Бидай – асыл мұра, байлық;
Бие сауу – берместен аласың ақыңды;
Болат (темір) – байлық
Боран – жауыздықтан азат болу;
Борсық – мазаның кетуі;
Бос шелекті төңкеріп қою — өкініштен құтылу;
Бота — қуану;
Ботқа – түсіңізде ботқа қайнатып тұрсаңыз — өсекке қаласыз;
Бөбек – сау саламат болып, дәулетің тасып, байлық қонады деген сөз;
Бөкен – базарлық берсең сауға, ісіңде көтерілесіз;
Бөле – ләззатқа кенелу;
Бөлке нан – күтпеген тосын сыиға тап болу;
Бөрене – оңай олжа;
Бөрі – садақа беріңіңз, қиыншылыққа ұшырап барып қуанасың;
Бөстек – мақтаншақтық;
Бөшке – күтпеген қиыншылық; тесік – шығын, толық – байлық; көп — өзге ортада сыйлысыз;
Бура (түйе) — дінге ұрыну;
Бұғы – маңызды іске басшылық жасау;
Бұзау – пайдалы табысқа кезігу;
Бұлан – табыс, мейман келеді;
Бұлбұл – тойға қатысу;
Бұлт – хабар, ұтыс; қара — уайым;
Бұлттар көшсе – адалдығыңызды шек жоқ екен;
Бұлттан күн шықса – өлгенің тірілгендей қуанасыз;
Бұлаққа шомылу – жақсылық;
Бұршақ (горох) – ұтыс;
Бұрым – сапарға шығу;
Бүйе (тарантүл) – арсыздықтан өкіну;
Бүкір – түсіңізде бүкір адамды көрсеңіз – ұтыс деп біліңіз. Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса – қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды;
Бүлдірген теру — өмірде сәттілік көбейер;
Бүрге – уайымның белгісі;
Бүркіт ұшып жүрсе – маңғаздану;
Бүрмелі көйлек – табыс;
Білезік – егерде қолыңыздағы білезік әдемілігімен күнде шағылысып тұрса – барлық кедергіні жақсылықпен жеңесіз;
В
Вагон — байлық;
Ванна – ваннаңызда су толып тұрса байлық;
Ваннада шомылып отыру – жақсылық;
Вальс — өзіңіздің әйеліңізбен вальс билеп жүрсеңіз, достарыңыздың сүйіспеншілігі сіздерді барынша бақытты етеді;
Велосипед – қатарынан озу;
Вокзал – алыспақ бар, атыспақ жоқ, келісімге кел;
Вулкан – вулканның аспанға атылғанан көрсеңіз, қиыншылықтан құтылып, ұтымды әрекет пен ұлылыққа қол жеткізесіз;
Вино – құйсаң – шатақ; берсең — өлім; ішіп жүрсең – жаман хабар;
Д
Дабыл қағылса – жау алдында бедел артады;
Дала – береке;
Дала гүлдеріне рахаттанып тұрсу – «інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар»;
Даладағы көк майса – береке, ырыс, несібе;
Дамба (тоғанда) шомылу – бақыт, даңқтың артуы;
Дарбыз – күтпеген хабар;
Дастархан – баршылық молшылық;
Дария жанынан құдық қазып, су шығарсаң – молшылық;
Даналарды көрсең – жақсылық белгісі;
Дәнді біреу сеуіп жүрсе – «еккен емес, орған алады» дегенді ұмытпаңыз;
Дауыл – түсіңізде дауыл үйіңіздің төбесін жұлып кетсе – сүйіктіңізден алыстайсыз;
Дауыл – кедергі, бір қалыпты – тазарасыз, жеңіс сіздікі, жұқалап соқса – жақындарыңыздан жаңалық естисіз, теңіздегі – алыстан сізге көмекші келеді;
Дәрігер – кедергі, көпшілікпен кездесу – сәттілік, жағдайыңыз жақсарады.
Дәрі – басыңыз ауырғанда дәрі қолдансаңыз қоныс аударасыз. Егерде түсіңізде сау кісіге дәрі беріп тұрсаңыз – таң қалар өкінішке тап боласыз. Ал ауру кісіге дәрі берсеңіз істеп жүрген еңбегіңізде шыдамдылық көрсетіңіз.
Дене – жанұялық сәттілік; семіз – байлыққа; арық – біреу арқылы сәтсіздік; қайсар – алдану; біреудікі – қауіптен сәтті құтыласыз;
Дене мүшесінен қан аққанын көрсе – алға қойған мақсаты орындалып, қуанышқа бөленбек;
Депутат – уайымның белгісі;
Дихан – байлық, молшылық, денсаулығыңыз зор болады;
Дихан егістік үшін дән сұраса – қолы ашықтың, жолы ашық;
Диханшы жерін мақтаса – Асыр бар – аяқтан аттама
Диірмен – мол байлық;
Дуал (қорған) — қауіпсіздік белгісі;
Е
Европалықты көру – пәле жаладан аман боласыз;
Егеуің сынса – берекесіздік;
Егін егу — молшылық қайда болса, тоқтық сонда
Егін орсаң — ақшаға малығу;
Егізді қатар көру – үміт өлмейді;
Еденде кілем төселсе – табысқа бату;
Екі басты жылан – малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның;
Екі қабат әйел – молшылық;
Елік – елікті атып алсаң — бұрыннан таныс әйелге үйленесіз;
Емхана — әурешілік;
Ер тоқымы бар ат – қашып кеткеннен шошып кеткенің дұрыс болар, сақтық жаса, шығын;
Ерін — әдемі, толық ерін көрсеңіз – барлық ісіңіз берекелі жанұя екеніңіздің белгісі;
Есік – ашылса – жеңіс; жабық – тоқырау;
Есекке міну – тыныш өмір;
Есу – ісіңізге есеп беріңіз, әйтпесе ұятқа қаласыз;
Ет – қой – табыс, сиыр — өлім, шошқа – ауру, сасық – күтпеген дүние, пайда;
Ет асылып жатса қазанда – қазынаға кенелу;
Ет саудалау – сырқат;
Етік – табыс, ескісі – байлық, мұра;
Етік тесік болса – махаббаттағы сәтсіздік, табаны ажыраса сапар;
Ешкі – енесі байлық, семізі – тыныштық өмір;
Ж
Жаға жайда шомылу – бақыттың бастауы, жақсылық;
Жағалау қалың қамыс болса – ақша;
Жағасыз көйлек – қиыншылық;
Жағалау – сәттілік;
Жаз – діттегеніңіз орындалады, жақсылық;
Жақ сақалы қалың кісі – көп ақша;
Жақұт көру – шығыннан құтылу, реніштен ажырау, некенің