25 жас тілек, құттықтаулар, туған күнге арналған құттықтаулар

____ досым, 25 жасқа толған күнің құтты болсын.
Саған зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен бақыт, шаңырағыңа шаттық пен мереке, дастарханыңа береке тілеймін!
Жасыңа жас қосылып, еңбегіңнің жемісін көріп, отбасыңның тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

Келгендей жаз оралып, күздер өтіп,
Келмейсің неге, жастық, жүзден өтіп?
Кім саған, о жиырма бес, наз айтпады,
«Таптың»,- деп,- не мархабат бізден өтіп?!».
Білмеймін, таптың ба сен, таппадың ба,
Көп болды жүрмегелі қапталыма.
«Қош» айтып ақырғы рет қалып едің
Бір түні бізге мәлім қақпа алдында….
Мен сені сонан соң да іздеп едім,
Әлдилеп үмітімді үзбегенмін.
Бір барып сол бір жазғы қақпа алдында…
Сезген соң, кетіп қалдым, күздің демін…
Сонда да өкінбес ем өз басыма,
Кім кепіл өзгеден де озбасыңа?
Талайға жеткізбей де кетіп жүрсің,
Жиырма бес, бір түнетпей өз қасыңа!
Неге сен кәріге де, жасқа да арман,
Болса да жолдасың жоқ тастамаған?
Әлде бір көздің ғана құрты ма едің,
өткінші өмірі бар баста жалған?
Жиырма бес, жөнің болса оралатын,
Әзірге арамызға жол да жақын.
Кәрі жар – жас жұбайын ардақтағыш,
Ойлама қадірсіз деп қолдағы алтын.
Баянсыз бала емеспін мен кешегі,
Келші, кел, мәпелейін мен де сені.
Жүрсек те жақсы өмірді бірге жасап,
Жастықтың оты мәңгі сөнбес еді.

Ілмектер: 25 жас құттықтау, 25 жасқа тілек, 50 жас құттықтау, 60 жас құттықтау, 70 жасқа тілек, 80 жас құттықтау, поздравления с днем рождения, туган кунмен куттыктау, туылған күнге, туылған күнге тілектер, туылған күнге құттықтау, туған күнге арналған құттықтаулар, туған күнге тілектер, туған күнмен құттықтау өлеңдер, құттықтау, құттықтау сөздер, құттықтау тілектер, құттықтаулар