Баталар, бата беру, бата жаттау

Баталар

Құрдасыңа — қуаныш бол,
Сырласыңа — сының бол.
Жылағанға жубаныш бол,
Туысыңа тұнық бол.
Татулыққа — тамаша бол,
Ықыласқа — иық бол.
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.

Тіресем тілек ат басын —
Тізгініңді ешкім қақпасын.
Іргеңде ібіліс жатпасын,
Ізіңді іріткі бақпасын.
Атаның наласынан сақтасын,
Баланың шаласынан сақтасын.
Ағайынның аласынан сақтасын,
Жамандардың жаласынан сақтасын.

Ізетті — ине етіп,
Иманды — түйме етіп,
Инабатты — күйме етіп,
Жүрейікші жамандықты куйретіп.

Жосықсыз ыға берер тырнақтыдан,
Су жұқпас жылтыр болма
құрғақсыған.
Кем божаң, кем боларсың бір данадан,
Кем болма, бірақ, ұлым, бір жақсыдан!

Кетпесін көшің қырынға,
Қиянатқа әсте ұрынба
Өтіне өсек жылынба
Өжет бол өмір сынында.

Жақсылықты суратпай
Жамандықты қақпайла.
Ардың туын құлатпай
Адалдыққа ат байла.

Жаттың да қызығына қуана біл,
Жаныңды жақсылыққа суара біл.
Қыз берсін қызығы — бал, парқы биік
Ұл берсін улағатты, ұраны әділ.

Берекеміз қашпасын,
Белімізді ешкім баспасын,
Адал жан болып астасың,
Арыңды кулдей шашпасын.
Бақыт болса бастасың,
Мейманың, сірә, таспасын.
Тірлікте тузу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын.

Керегеміз кертілмесін,
Өнегені өрт ілмесін.
Тереземіз теңселмесін,
Теріс қылың еңсермесін.
Іріткі сөз иықтамасын
Тұрлаусыздық тұйықтамасын.
Тілекті-тәңірім қайтармасын,
Шаңырағымыз шайқалмасын.

Ел ішіне сыймаған —
Өріс тауып жарымас.
Еншілесін қинаған —
Ердің ісін танымас
Бол сондайға жаны қас –
Әділеттің әрін аш.

Мұрның кеуіп мақтана берме,
Сырыңды сыртқа ақтара берме.
Кердеңдесең кесір соғар,
Мұратыңа даң сала көрме.
Жетсе-дағы төбең көкке —
Желікпемен желең кетпе.
Халқыңды босқа елеңдетпе,
Парқыңды досқа төмендетпе.

Ағайынға аза берме,
Аңдып сорды қаза берме.
Туысқанды түте берме,
Түңлігіңнен үрке көрме.
Ел ішінде езбе болма,
Ебедейсіз кезбе болма.
Парасатсыз пақыр болма,
Таз басындай таңыр болма,
Көпке ұнаған келісті бол,
Өнегелі, өрісті бол.

Сақшың болсын санаңда,
Бақытты бол әманда.
Кезікпе деп тілеймін
Ақ батасыз заманға.

Бөлісу