БЕКЕНТАЙ ПІРӘДАРДЫҢ БАТАСЫ. Бата жаттау. Бата беру.

Әуелі құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып ерен қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дұшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.
Таразылы, берекелі бол,
Ақ жузді кеңпейіл бол.
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара балуан Жәнібек,
Адассаң жолға сала жүрсін,
Пәле-жаладан қаға жүрсін.
Түркебай атам аруағы қолдасын
Баталы ата торласын,
Дастарқанға бал төксін,
Қыдыр ала нар шөксін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын,
Берген батам қабыл боп,
Жарылқасын құдайым.
Аллаһу акбар!

Аруаққа иман берсін,
Пайғамбарға салауат берсін.
Жарылқасын құдайым,
Болмасын ешбір уайым.
Шаңырағың биік болсын,
Босағаң берік болсын.
Алла ісіңді оңдасын,
Ауру-сырқаудан қорғасын,
Адал іске жолдасын.
Көрген күндер ашық боп,
Аспаннан бұлт төнбесін!
Дос болған адам қас болса,
Бұл дүниеде оңбасын.
Арыстанның айбатын,
Жолбарыстың қайратын берсін,
Абырой бер амандық,
Бере көрме жамандық.
Жарылқа құдай, қабыл ет,
Нұрмұхаммед жәрдем ет,
Ғайып ерен қырық шілтен қолдау ет.
Жарылқасын алла,
Көңілге қайғы салма.
Ынтымақ, бірлік, жомарттық
Берекесін алма.
Жарылқасын құдайым,
Тарттырмасын уайым.
Тілегімді қабыл ет.

Ілмексөз: ак бата, аман-саулық батасы, ақ бата, бата, бата беру, Бата тілек, бата тилек, батырдың батасы, бауыржан момышұлының батасы, бауыржанның батасы, жалпы бата-тілектер, жақсы сөз-жарым ырыс, жылы лебіз, жылы лебіздер, казакы бата, ОН ЕКІ МҮШЕГЕ АРНАЛҒАН БАТА, онегели создер, осиет создер, САҚТЫҚ БАТАСЫ,

Бөлісу