—   Ең ақырғы батамды есті, балам,
Риза бол атаңа, балам.
Бағың жоғары ерлесін, балам,
Дұшпаның шеніңе келмесін, балам,
Абыройың таймасын, балам,
Басыңа дәулет құсы орнасын, балам,
Лұқпандай милы бол, балам,
Рүстемдей батыр бол қаймықпай, балам
Дәуіттей ұлды бол, балам,
Талқадай тілді бол,балам,
Мұхаметтей көзді бол, балам,
Әділ тура сөзді бол, балам, балам
Омардай қара қылды қақ жар, балам
Әзірет Ғалидай топ жар, балам,
Ағзамдай дана бол, балам,
Ғазалидай аш-арыққа пана бол, балам,
Керегендей сөзді бол, балам,
Құралайдай керікті, жүзді бол, балам,
Атымтайдай жомарт бол, балам,
Қысыраулдай жомарт бол, балам,
Қобыландыдай қайтпас бол, балам,
Тарғындай жараға жатпас бол, балам,
Алпамыстай даңқты бол, балам,
Қамбардай халқыңа бол, балам,
Пәле-жала таппасын, балам,
Ордамыз Түркістан, балам,
Меселің қайтпасын ұрыстан, балам,
Түркістанда тугел бап, балам,
Самарқанда сансыз бап, балам,
Ер бастығы Едіге, балам,
Аман-сау бар еліңе, балам!

Бөлісу