Әмин десең маған,
Бата бердім саған,
Қабыл болсын тобаң,
Қолтығыңнан демесін,
Қыдыр бабам.
Уа, дәм ішкендер терлесін,
Маңыңа дұшпандар келмесін,
Тәңірім берген несібең,
Күннен күнге өрлесін.
Талабыңды жүргізіп,
Тәңірім өзі оңдасын.
Гүл-гүл жайнат,
Тайдай ойнат.

Азамат туы — ар болар,
Әділдік — соған нәр болар.
Жадыңа тұтсаң осыны —
Жақсылық саған жар болар.
Қасының жолы тар болар,
Тілектен қазына жиғанның —
Ошағы, орны бар болар.
Ошақта отың маздасын,
Орныңнан ор қазбасын.

Іргеңнен иектеп итіңді ешкім
шулатпасын,
Қасыңда отырып — қалпағыңды
ешкім тулатпасын.
Төріңе шытып төсегіңді ешкім
тілмесін,
Көзіңді шуңып-көсеуіңді ешкім
ілмесін.
Тату көршіңнен — табағыңды
ешкім бөлмесін,
Қайты меңдеген қабатыңды ешкім
көрмесін.

Қарның тойса — қалыптан аспа,
Таяныш бол тарыққан басқа.
Жар болып жүр жабыққан жасқа
Жақсы ісіңді жанықпай баста.

Атаңа — ар бол
Анаңа — нәр бол,
Жақсыға — жал бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның қуанышы бол,
Жалпының жубанышы бол.

Қамыңды теліп қарынға,
Қараулық жолға салынба.
Шалқып бір тұрған шатыңда
Шаттыққа елтіп қабынба.
Журерсің сонда бабыңда
Жуптасар саған бағың да.

Көзіңді кірбің ұяламасын,
Өзіңді кіржің қияламасын.
Кулікке тәңір алдыра бермесін,
Күдікке сірә шалдыра көрмесін.
Әбестікке малындырмасын,
Әлектікке жалындырмасын,
Қараулыққа қаның бурмасын,
Жақсылықты жаның жырласын.

Бапкері жоқта қыран жетім,
Бақ-тері жоқта ұлан жетім.
Байдан айырылса — қатын жетім,
Жайдан айырылса — жақын жетім,
Баладан айырылса — ана жетім.
Сарадан айырылса — дана жетім.
Қаңсып қалса — қазан жетім,
Шалықтанса — тазаң жетім.
Құдай сені жетімдікке жазбасын,
Түтінің тузу, ошақта отың маздасын.

Жақсылыққа ат байлап журейік,
Жамандықты қақпайлап жүрейік.
Арға табынып жүрейік,
Ағайынды сағынып жүрейік.

Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол,
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол,
Сабырлының сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол,
Туралықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.

Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйіктісі бол,
Халқыңа қадірі асқан
Мәртебесі биік кісі бол.

Босағаңды тептірме,
Досқа азар шектірме,
Табалдырығыңды таптатпа,
Тасырларды аттатпа,
Сұйықты төрге оздырма,
Сғананақ қолын создырма.
Міншілден жасып мұқалма,
Күншілден сасып жұқарма.
Шаужайдан жарың алмасын,
Шаңырағың датқа қалмасын,
Жақсылық нықтап іргесін,
Жандарың қайғы білмесін.

Бөлісу