САҚТЫҚ БАТАСЫ, жақсы сөз-жарым ырыс, жылы лебіз, ақ бата, бата беру

САҚТЫҚ БАТАСЫ

Уа, құдайым, тілегімізді
қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта.
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қаражурек бақылдан сақта.
Көкдауыл қатыннан сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Тұнеріп атқан таңнан сақта.
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта,
Қарсыз мұздаң қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Үлкендерде пәтуа жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын.
Қызыр Ілияс барлық пәлені
қашырсын.
Аллаһу акпар!

Бөлісу