Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.
Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.
Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.
Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Əмин, Аллаһу Əкбар!

****

Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,
Күндерің болсын, күн нұрын
шашқан.
Қыйналған кезде, қол беріп
Қыдыр,
Таңдарың болсын, арайлап
атқан.
Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп
еді Алла
Жамандық етер, жиынға барма,
Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,
Ата-анаңа, ауырлық салма.
Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан
Қара жүрек, қудан сақтан,
Адал ойды лайлайтын,
Өтірікші зудан сақтан
Елімізді жаусыз ет,
Дұшпандарды елсіз ет.
Ұл-қызымды, мінсіз ет.
Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Ұл-қызыңның болашағын,
Көретұғын шамаң болсын.
Дендеріне саулық берсін,
Несібеңді молғып берсін.
Жақсылықты жаршы етіп,
Ұлы Алла жарлық берсін.
Болсын аман туыстарың,
Жаман іске жұғыспағын.
Болмашыға өкпелесіп,
Достарыңмен суыспағын

Мен тілеймін оңдасын деп,
Ұлы Алла қолдасын деп.
Осы отырған барлығыңа,
Еш жамандық болмасын деп.
Көл – көсірғып елге бақ бер,
Əрқайсыңа ұзақ жас бер.
Қосылсаңдар қол жайыңдар,
Қабыл болсын, АллаҺу Əкбар!

*****

Əмин десең Алладан,
Берсін дейік қол ұшын.
Періштең кетпей айланып,
Жаман істен қорысын.
Пайғамбардың ақ жолын,
Қыдыр əкеп дарытсын,
Алтынды ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын.
Қиналғанда достарың
Қасыңнан əр кез табылсын.
Береке сақтап ұлдарың,
Тату өтсін абысын.
Айналаңнан кетпесін,
Жақының мен алысың,,
Дастарқаның жиналмай,
Еселеп өссін табысың.
Саған біткен мал – басқа,
Қожай, Даурен дарысын.
Əмин, АллаҺу Əкбар

*****

Дендеріне саулық берсін
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларын ынтымақты
болсын,
Қыз балаларын гүл сияқты
болсын.
Келіндерін ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын
болсын.
Туысқандарын тату болсын,
Қиналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.
Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мəзірің алдына əзірлейтін
болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бəріне ұзын жасын.
Ендігі жерде қиыншылық болмаса
екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса
екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманыңды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет
Əмин Аллаһу Əкбар!

Бөлісу