Оралман деген кім?- десең,
Шошқаның етін жемек түгілы,
Бейнесінеде қарамаған,
Сан тарих самайын жаралаған.
Есін жыйып еліне оралғанда,
“Қашқынсың”,-деп бауыры қаралаған.
Қалтасында көк тиын болмасада,
Адамнан нан сұрауды қаламаған.

Тіл мен діні қалпында жойылмаған,
Пәктігіне еш шекіт қойылмаған.
Қазақстан қазағы мойындамай,
Бүкіл алем (момын) мұхмын деп мойындаған
Баласы 4 жасында атқа мінген,
Патшаданда байсалды таққа мінген.
Атасының қылышын дат бастырмай,
Торғынға орап төріне сақтап ілген.

Қыздарының балтыры ашылмаған,
Жаратқаннан басқаға басұрмаған.
Сәлем берген адамды туыс көріп,
Көңіліне құпия жасырмаған.

Нәрестесі көзді ашып бесік көрген,
Жердің жүзін аралап көшіп көрген,
Қазақстан шаңырақ көтергенде,
“Бір уығы болам!”,-деп көшіп келген.

Жөнсіз жолды жақын деп басқан емес,
Кіндігі мен тізесін ашқан емес.
Кеткені рас дін, тілін сақтау үшін,
Бекер босқа, тентіреп қашқан емес.

Туған жер топырағын шытқа түйіп,
Сағынғанда соны иіскеп жылып жүрген.
Ұрпақ үшін ертеңгі жосып жүрген,
Баласыда жауынгер есін білген.
Жантаятын жаттық жер таппағанмен,
Ат жалында намазын оқып жүрген.

“Қашқынсыңдар!”-дейтұғын өкпешіл көп,
Ел болған соң ұялмай жеткесің деп.
Еріу елдің сүзеген тайыншалары,
Іреседе үндемей өкпесін көп.

Міне осылар сіз айтқан оралмандар,
Шетелде емес үйге кеп тоналғандар.
Мың жығылып, мың тұрып мұқалмайтын,
Сабырлықпен бәріне төзе алғандар.
“Оралман”,-деп бауырым жамандама,
Теңге, доллар тапсыр деп жалаңдама.
Дамытпаса оралман кемітпейді,
Алаңдама, олардан алаңдама!

Лайы жоқ, тап-таза тілі тұнық,
Ей, бауырым! қарайсың неге суық.
Орыс, Карис, немістің баласы емес,
Үрікпе өз туысың саған жуық.

Қасымыз жоқ, қарсы алар досымыз деп,
Келгендерге құшақты ашыңыз көп.
Алтын іздеп келмеген асыл іздеп,
Атасының келгендер басын іздеп.
Ойламаңдар болды деп ауыр салмақ,
Әр пендені тұрады таңір қолдап.
Ырыздықты беруші тек бір Аллах,
Даметпейді сіздерден жарты жармақ.

Білім іздеп келгендер, ғылым іздеп,
Калбаса мен келмеген, шылым іздеп.
Іздеп келген ағамыз, ініміз деп,
Туыстықтың қадырын біліңіздеп.
Боршылық дүниені бірақ тастап,
“Елім”,-деп келгендер “Елім”,-деп

Бекболат Тілеухан

«Қамшы» сілтейді

Бөлісу