Вашингтондағы Аллен ми зерттеу институтының ғалымдары адам миының қартаюы мен когнитив мүмкіндіктерінің төмендеуі қантамырларына шытыра мен нейрофибриллярлық түйіндердің жиналып қалуынан және гендердің белсенділігінің төмендеуінен болатынын анықтады.

Ғалымдар 65 пен 90 жас аралығындағы 107 егде адамның миына сараптама жасаған. Жүйке тіндерін тиофлавин Т бояуы арқылы сары түсті ету арқылы олар – Альцгеймер сырқатының дамуына байланысты болатын амилоидты шытыраның көптеп жиналатынын байқаған.

Олардың жиналуы ақыл-естің жоғалуымен байланысты болып шыққан, дегенмен, шытыраның жиналуы үнемі ақыл-естің жоғалуына алып келмейді.

Ал гендер экспрессиясын сараптау ақылдың кемуіне ДНҚ белсенділігінің төмендеуі де себеп болатынын көрсеткен. Мидың қартаюына қатысты гендер қатарына жасушаны қуатпен қамтамасыз ететін органеллдердің қызметіне араласатындары кірген.

Дереккөз: tengrinews.kz

Бөлісу