Пара алды деп айыпталып жатқан Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды Today.kz

Ерлан Біләл сотта 600 000 теңге көлеміндегі параны қалай алғанын айтты.

“Кінәмді толық мойындаймын, қатты өкінемін. (…) 2018 жылдың 2 қаңтарында арыз беруші Баяновпен кездестім. Біз сыйақыға келістік, ол маған 600 000 теңге берді, кейін 4 қаңтарда мен одан 900 000 теңге алдым, содан кейін ұсталдым (…) Бізде жыл сайын “Сезам” театрының қойылымы өтеді, балаларға арналған қойылымдар мен жаңажылдық шырша ұйымдастырылады”, – деді Ерлан Біләл.

Біләлдің сөзінше, “Сезам” қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының басшысы келіссөзді өзі бастаған.

“Ол (Баянов – ред.) әріптестік байланыс орнатуға өзі өтініш жасады, қазақтар айтпақшы, рақметін осылай білдіргісі келді. Ақша көлемін де өзі айтты”, – деді театр басшысы.

Ерлан Біләл 600 000 теңгені қарыздарын төлеуге жұмсаған.

Естеріңізге салайық, 25 қаңтарда Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Ерлан Біләлдің соты басталды.

Ерлан Біләлдің ісі

Естеріңізге салайық, Ерлан Біләл 5 қаңтарда ұсталған еді.

8 қаңтарда зиялы қауым өкілдері Ерлан Біләлді қорғап, сөз сөйледі. 16 қаңтарда актердің 1 205 000 теңге көлемінде кепілге ақша төлегені белгілі болды.

Бөлісу