Әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Абдірейім Өміров фесбук парақшасында МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жəнəбілов сазгердің “Ардағым” әнін мәтінін өзгертіп, рұқсатсыз орындап жүргендігі туралы жазды деп хабарлайды qazbrand.info.

“Менің Ардағым деген əнім.Сөзіде əні де өзімдікі болатын.Қашан жəне кімнен алғаны белгісіз бұл əнді сөзін өзгертіп МузАрттың əншісі ініміз Кенжебек Жəнəбіловтың орындап жүргенін біреулерден естіп жүргенмін.Бүгін видеосы қолыма түскен соң салып отырмын.Жекпе-жекте атымды да дұрыс айтпады.Ал енді біреудің мүлкін заңсыз алғандарға заңда шара қаралған. Бұлда менің мүлкім. Осыған не істеуіме болады достар?

“Əннің мен жазған мəтіні “

Жанымды тербетіп, жыр сыйлаған,
Жұмақтың бағымысың?
Алдымнан арайлап нұр сыйлаған,
Ақ ұлпа таңымбысың ?
Сен əлде ешкімге ұстатпайтын,
Көгілдір сағымбысың?
Жүрекке ал қызыл күн сыйлаған, сиқырлы жалынбысың?
Қ-сы.
Ардағым , ардағым , ардағым ,
Аңсадым, таң самалым.
Арманым, арманым ..оу , оу..оу
Арманым, аңсағаным. деп жазды Абдірейім Өміров өзінің фейсбук парақшасында.

Ал фейсбук қолданушыларының бір тобы сазгерге әншіні сотқа бер десе, екінші тобы алдымен әншінің өзінен сұрап көруге кеңес берді.

Бөлісу