Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нурмаганова Г.Ш. (3 сынып)

«Тілім бар деп мақтанамын» Тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс шараның мақсаты:

  1. Оқушыларға Қазақстан халықтарының тіл мерекесі туралы мағлұмат беру.Өз тілін,Отанын,жерін қастерлеуге баулу.

2.Ана тілге деген сүйіспеншілігін,ынтасын арттыру.

3.Тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншікті тәрбиелу.

Көрнекіліктер: Плакаттар,шарлар,слайд.

Сыныптан тыс шараның барысы:

І.Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:  

Қуан, халқым!

Қуанатын күн бүгін.

Тіл Заңының

Күшіне енген күн бүгін!

2-жүргізуші:

-Құрметті, ұстаздар мен оқушылар!Сіздерді бүгінгі Қазақстан халықтарының тіл мерекесімен құттықтаймыз.

1-жүргізуші:  

-Балалар, алдымен мына сұрақтарға жауап берейік.

1) Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

2) Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

2-жүргізуші:

1) Біздің Отанымыз қай Республика?

2) Еліміздің Президенті кім?

3) Отанымыздың астанасы қай қала?

1-жүргізуші:  

-Біздің Отанымыз байтақ та,бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар орыс, қазақ, неміс, тәжік, корей т.б. ұлт өкілдері. Бұл халықтар достықпенен бірлікте өмір сүріп жатыр.

Влад:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз,

Қара жер мен көк аспан,

Орман, дала, тауымыз.

Ән «Дружба»

2-жүргізуші:

Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Қыр-сыры көп кендігіндей даламның,

Қазақ тілі-қасиетті бабамның,

Мемлекеттік статусын әперген,

Отанына шексіз алғыс, мың алғыс!

Ән «Қошақаным».

1-жүргізуші:  

-Балалар,ендігі кезекті «мақал-мәтелдер» сайысына берейік. «Тіл» туралы қандай мақалдар білесіңдер?

1) Сөз асылы-мақал.

2) Өнер алды-қызыл тіл.

3) Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

4) Шешеннің тілі ортақ.

5) Көп сөз – күміс,

Аз сөз- алтын.

6) Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

7) Тіліңмен жүгір ме,

Біліммен жүгір.

2 – жүргізуші:

-Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білуіміз керек.

Карина: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетке!

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Әсия:       Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Айсұлу: Ана тілім – бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Еркеленіп балқыдым!

  1. Ән «Біз өмірдің гүліміз»

Дәурен:  Дәулет деген ұғыңдар!

Кеше бар да, бүгін жоқ.

Тілің болса, үнің бар,

Тіл болмаса түгің жоқ.

Айсұлу: Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Саған берем ойымның алтын кенін.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу, – Отан дер ем.

  1. Ән «Республика моя»

1 – жүргізуші: – Құрметті ұстаздар мен оқушылар, тіл мерекесіне арналған «Тілім бар деп мақтанамын» атты тақырыптық жиынымыз аяқталды. Сөз соңында:

Сабина:  Ұмытсаңда бөтенді,

Ұмытпа ана тіліңді.

Өз тілің – өскен өркенің,

Ананың берген ақ сүті,

Мақтанышың ұлттық – ол сенің!

001

Бөлісу