«   »_____________2018 ж.

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы
Сабақтың мақсаты

 Білімділік: Оқушыларға  ауа райы туралы қысқаша мәлімет беру.  Сөйлесім әрекетін  жүйелі түрде  қолдануға бағыттау. Аударма жұмысына жиі-жиі көңіл бөліп, сабақ сайын мән беріп, ойлау қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық:  Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырып, орынды қолдануға үйрету. Ауа райын қоршаған ортамен байланыстыра отырып ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатта болып жатқан  құбылыстарға оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өтілу тәсілі: сұрақ -жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды  бүгінгі күннің сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Сынып оқушыларымен амандасу
2. Сынып тазалығын қадағалау
3. Сынып оқушыларын түгендеу
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
«Қыс» мезгілі тақырыбына диалог.
-Күзден кейін қандай мезгілі басталады?
-Күзден кейін қыс  басталады.
-Қыста  күн қандай болады?
-Қыста күн суық  болады.
-Балалар , қыс мезгілі несімен ұнайды?
-Қыста шана , шаңғы тебеміз.

ІІІ. Балалар , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – « Ауа райы». Жыл мезгілдерінде ауа райы әр түрлі болып келеді.

Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.

Көктемде ауа райы жылы бола бастайды. Қар  мен мұз еріп, ағаштар бүршік ата бастайды.

Жазда ауа райы ыстық болады. Дала гүлденіп , жасыл түске енеді. Жаңбыр жауады.

Күзде ауа райы  суыта бастайды. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жауын-шашын болып, жел соғады.

Жаңа сөздер.

Ауа райы-погода                         маған ыстық- мне жарко

суық-  холод,холодный                салқын-    прохладный

Суреттер арқылы оқушыларды топқа  бөлеміз. Әр оқушыға әр түрлі суреттер  (аққала, шырша, аяз ата) таратып топқа бөлеміз. Интерактивті тақтадан жыл мезгіліне байланысты слайд көрсету.

1-тапсырма.Топпен жұмыс.

1- топ «Аққала», 2- топ «Шырша »,

3 – топ « Аязата»  «Қыс» тақырыбына сызба бойынша  әңгіме құрайды.

 

2-тапсырма.    «Сұрақ – жауап» ойыны арқылы сол жыл мезгілдеріне байланысты бір – біріне сұрақ қояды, жауап береді.

3-тапсырма.  Ұжымдық жұмыс:

Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

Көктемде адамдар қандай киім киеді?

Жазда адамдар қандай киім киеді?

Күзде адамдар қандай киім киеді?

Қыста адамдар қандай киім киеді?

4-тапсырма.Өлеңді  мәнерлеп оқу

Бұл қай кезде болады?                                                                        

Аяз қысып,

Өрік,алма ,

Өрнек сызып,

Шие,алша,

Терезені торлайды,

Жидек,жүзім піседі,

Бөбектерім , айтыңдаршы,

Бөбектерім ,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

 

Бұл қай кезде болады?

Бұлттар төніп,

Қар,мұз еріп,

Жаңбыр төгіп,

Су көбейіп

Дымқыл тұман басады,

Сай салаға ағады,

Бөбектерім ,айтыңдаршы,

Бөбектерім ,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Бұл қай кезде болады?

 Бағалау. Топ бойынша бағалау

Рефлексия

-Бүгін оқушылар не үйренді?

-Оқыту ортасы қандай болды?

-Сабақ  ұнады ма?

Үй тапсырмасы:   Жыл мезгіліне байланысты үш жұмбақ дайындап келу. Жаңа  сөздерді жаттау.

Қарағанды облысы,
Абай ауданы ,
Абай қаласы,
№ 1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тортаева Назира Нурлановна

Бөлісу