Мұзафар Әлімбаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Тукаева Айдана Тулегеновна,
Павлодар қаласы, ПМПИ-нің
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығының студенті

Аннотация

Бұл мақалада Мұзафар Әлімбаевтің мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған өлеңдері туралы қарастырылған. Жұмыс барысында ақынның өлеңдерді жазған тәсілдері, олардың жазу барысында талаптары туралы талданды. Бұл жұмыста ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі екенін байқауға болады.  Жалпы, басты назар ақынның жазған өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы қарастырылды.

Кілтті сөздер: мектепке дейінгі жастағы балалар, өлеңдер, тәрбиелік мәні, тәсілдері.

Аннотация

В этой статье расcматривалась тема о произведениях Музафара Алимбаева. В ходе работы был проведен разбор произведений автора на методы и примечания их написания. В этой статье  так же можно отметить что автор писал в основном произведения для детей дошкольного и начальных классов возраста. Основное внимание было направлено на поучительный смысл произведений писателя.

Ключевые слова: дети дошкольного возраста, произведения, поучительный смысл, методы.

Annotation

In this article was considered a topic about the works of Muzafar Alimbaev. In the course of the work the author`s works were analyzed on methods and notes of their writing. In the article it can also be noted that the author wrote mostly works for children of preschool and primary classes of age. The main focus was on the instructive meaning of the writer`s works.

Keywords: children of preschool age, creativity, instructive meaning, methods.

Шығармашылығы жанрлық жағынан бай саналатын балалар ақынының бірі – М.Әлімбаев. Ақын шығармаларында өлең, өлең-ойын, өтірік өлең, тақпақ, ертегі, санамақ, мазақтама, жұмбақ, метаграммалар, шарадалар, жаңылтпаштар т.б. сияқты ішкі жанр үлгілері жиі ұшырасады. Мұның өзі ақынның ізденіс аясын, білім өресін аңғартатынына дәлел болса керек. Сол мол жанрлық үлгіні танытатын өлеңдерден шынайы балалар ақынының кішкентай оқушы танымының қабылдау мүмкіндігіне саналы бейімделуін байқаймыз.

Өлеңдер мейлінше қарапайым, бірақ, ойлы, мақсатты, тәрбиелік нысанасы айқын. Әр сатыдағы оқушылардың жас мөлшеріне сай лексиконды таңдап ала отырып, қаңдай күрделі ойды да аз буынға сыйғыза айтып бере білу де осы бейімделудің көрінісі. Әдебиетте жемісті еңбек етіп келе жатқан көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы жөнінде көп ойлардың бәрі бір пікірге сияды. Халқымыздың әрлі де нәрлі кемел сөзі белгілі бір қаламгердің жас мөлшеріне қарай емес, дарын қуатына, таланттың гүлденуіне орай айтылуға, қолданылуға тиісті.

Ақын шығармашылығы жанрлық жағынан бай. Әркімнің дарын қуаты, бейімі әр қилы. Біреу бейімін белгілі бір жанрдан іздесе, екінші  біреу  өзін  барлық  жанрға  баулиды. Сол мол жанрлық үлгіні танытатын өлеңдерден шынайы балалар ақынының кішкентай оқушы танымының қабылдау мүмкіндігіне саналы  бейімделуін  байқаймыз.  Өлеңдер  мейлінше  қарапайым,  бірақ, ойлы,  мақсатты,  тәрбиелік  нысанасы  айқын.

Әр  сатыдағы  оқушылардың жас мөлшеріне сай лексиконды таңдап ала отырып, қандай күрделі ойды да аз буынға сыйғыза айтып бере білу де осы бейімделудің көрінісі. Мысалы, «Мұнар  басқан  күз,  Сарғыш  тартқан  түз», «Ауладағы  мұз, Ауадағы  сыз», «Қамбадағы дән, Тандырдағы нан», «Күз нышандары» деген атпен берілген, небәрі  екі  жолдан  тұратын  өлеңдер  барынша  қарапайым  бола  тұра,  ең кішкентай оқушының өзіне табиғат маусымының негізгі белгілерін сурет әрекеттерін нақты жеткізіп береді.

Ақын өз өлеңдерін, негізінен, мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арнап жазады. Мысалы, «Менің ойыншықтарым» өлеңнен үзінді келтіріп көрейік:

Ашытпайды көзіңді,

Шомыла ғой, балақай!

Қарашы енді өзіңе:

Аппақ болдың, алақай!

Түсті түймең үзіліп,

Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой əне ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?

Өлең жалғыз қуыршаққа ғана емес, ойыншық құлыншақ, бұлбұл, күшік, қоянға жеке-жеке арналады. Тақпақ танымдық, тəрбиелік маңызға ие. «Мұндай шығармаларды балалар шағын көлемі, ойнақы, əуезді, жеңіл құрылымы үшін ғана ынтыға жаттамайды, өздерінің таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жағын мазмұн-болмысы үшін де құлай сүйеді.

Мысалға, жан-жануарлар тақырыбына арналған тақпақтарда олардың сыртқы сипаттары мен əрекет дағдылары, мінез ерекшеліктері балаларға танымдық мағлұмат берерліктей образды суреттермен ерекше дəл бейнеленеді».Ақын өлең-жырларының басты тақырыбы — еңбек. Еңбек тақырыбындағы өлеңнің бірі — «Он саусақ». Өлең жөнінде автор былай дейді: «Еңбек қозғалыстан, əрекет етуден басталады. Екі саусақты біріктіру де, онымен ине ұстау да еңбек. Енді одан əрі не түйме қадалады, не киім тігіледі. Өстіп еңбек екі саусақтан, аздан, кішкенеден өрбиді. Ал үш саусақ біріксе, қалам ұстауға, хат жазуға, білім алуға жарайды, он саусақ кіріссе, үй де салынады, жол да жасалады. Саусақ арқылы адамдарды мегзеп тұрғанымды алғыр балалар өздері-ақ аңғарады». Мұзафар ағамыз үшін еңбексүйгіштік пен жалқаулық — егіз тақырыптар. Автор еңбекті дəріптеу арқылы жалқаулықты əшкерелейді. Еріншектікті əшкерелеу арқылы еңбексүйгіштікті мадақтайды. «Егер де…» өлеңі төрт шумақтан тұрады. Жалқау бала атқарылуға тиіс шаруаларды істемес үшін күлкі туғызатын сылтаулар айтады. «Аяғым су болмаса, бақшаның қарын күрер едім, үстіме шаң қонбаса, бақшаны баптар едім, қарым талмаса, су əкелер едім, ағаш қатты болмаса, отын жарар едім, Жанатты жыламаса, жұбатар едім, арифметика болмаса, сабақты жақсы оқыр едім» деген сылтау иесін автор сын тезіне салады:

Айтайық біз Кəрімге

Бұл мінезін қоймаса:

Тындырар ең бəрін де,

Жалқаулығың болмаса.

Жалқаулықтың неге апарарын түсіндіретін өлең — «Жалқаудың жауабы».

Ана есікті жаба салшы,

Ілгегін де сала салшы.

Жалқау əрең ыңыранды:

– Жел соқпай ма,

Сол жаппай ма?!

Үйдің ішін суық алды…

Жалқаудың əрекетсіздігінен үйдің іші суып кетті. Есік жабуға ерінбегенде бұндай жағдай болмаған болар еді. Халық өлеңі сарынымен жазылған «Шай қайнатып берейін» өлеңінен «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» принципі байқалады. Апатайы Бағилаға шай қайнатып, інісі Мерейге сүт пісіріп бермекші болады. Апасына деген қамқорлығы «Шайға қанып, терлей ғой, өзіңді-өзің емдей ғой» дегенінен көрінеді. Бөбегіне деген жанашырлығы тілекпен ұштасқан: «Əппақ сүтке тоя ғой, жылағаның қоя ғой». Баланы адалдыққа, кішіпейілділікке, мейрімділікке тәрбиелеу халықтың педагогика мақсаттарының бірі болған. Адамгершілігі молпарасатты кісі әрқашан өз басының қамынан гөрі ел қамын, халық қамын көбірек ойлайды да өз Отаны алдында қызмет етуге әрқашан дайын тұрады

Міне, бұл мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған тоқтам. Жүре келе түсінер, өмірдің өзі үйретеді дей жүріп, баланы бақылаудан тыс қалдырса, оны құрметтемесе, балаға баласынып қараса, онда ата-ананың ұтылғаны. Ал егер баланың бойына ізгілік егілмесе, оған кұрметпен қарамаса, ондай бала өзіне өзі сұрқия, басқаға да жексұрын боп көрінеді. Бұған біз Мұзафар Әлімбаевтың «Егерде» деген өлеңін үлгі етер ек.

Ауланың қарын күрер ем, аяғым су болмаса,

Бақшаны баптап жүрер ем, үстіме шаң қонбаса,

Бұл бала не істеу керек екендігін біле тұра соған илікпейді. Қолы бармайды. Қара жұмысқа жиірене қарайды.

Суға да мен барар ем,

Егер қарым талмаса,

Отынды да жарар ем,

Ағаш қатты болмаса.

Жастайынан осындай тәрбиеде ескен шолжак бала көбіне жамандыққа үйір болады. Ал жамандыққа үйір кісі жан біткенді жек көреді. Жасынан өзімшіл, жалқау өскен бала өзге түгіл өзінің жақынына да қарамайтын болады. Ақын бұл жағын да дұрыс айтқан: «ер ем Жанатты, жылап маза алмаса, жақсы оқыр ем сабақты, кітап қалың болмаса…». Еш нәрсе істегісі келмейтін, ешнәрсеге икемі жоқ жалқау бала тіпті оқуға да мойны жар бермейді. Дайын тамақ, дайын асқа ғана үйренген. Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мұзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен корытынды жасайтындай, ақылға келетіндей, сабасына түсетіндей ой салған. Өзінін зор болашағына үлкен кесір келтіретін осындай жамандықтан баланы  өте жас кезінде арылтуға күш салған жақсы. Бала бойындағы жамандық біткеннің бәрін де өріс алдырмауға, оны тез арада тұншык, тырып тастауға әрекет еткен абзал. Мүмкіндік, жағдай бар екен деп баланы тым еркелете беру, есірте беру жақсы нәтиже бермейді.

Мұзафар Әлімбаев көркем сөз шебері. Оның өлеңдерінен бала жанын мәз етерлік елжіреген бос сөздер, кұлак тұндырарлық кұрғак өсиеттер көздеспейді. Оның өлендерінен тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Автор өлеңнің көркемдік түрлерін тек метафоралар мен эпитет сиякты бейнелі, мәнерлі сөздерден ғана іздемейді. Ол сөз қолдану шеберлігін әр сөзді орнын тауып жүмсай білуден іздейді. Орнын тауып қолдана білсе, терең мазмұнға, ерекше көркемдікке ие болып құлпырмайтын, түрленбейтін бірде-бір сөз жоқ екенін ақын ағамыз жақсы түсінеді. Ол — ізденгіш, талғамы күшті, бала жанын түсінетін талантты жан. Ақын шығармаларының бүгінгі күнгі бүлдіршіндерге берер тәрбиесі мол, ұшан-теңіз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Əлімбаев М. Балдəурен, балалық. — Алматы: Балауса. 1998ж. – 205б.
  2. Таңдамалы: Екі томдық. – Алматы: Жазушы, 1983. — 1 т. – 384 б.; 2 т. – 366 б.
  3. Аспандағы әпке:  өлеңдер,  ертегілер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар. – Алматы: Жалын, 1982. – 136 б.
  4. Өмір. Өнер.  Өнерпаз:  эссе,  естеліктер,  ой-толғамдар.  –  Алматы: Өнер, 1990. – 460 б.
  5. Шынашақ: қазіргі  қазақ  балалар  поэзиясының  антологиясы.  – Алматы: Балауса, 1992. – 542 б. / К. Баянбаевпен бірге.


 

Бөлісу