Сабақ: Балалардың  тілін дамытуда  Луллий  дөңгелектерін қолдану

Л.Е.Кенбаева,

№37 «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі,

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі.

№37 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК.

 

 «Балалардың  тілін дамытуда  Луллий  дөңгелектерін қолдану»

 Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұстанымында үлкен қайта қарастыру болып жатыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жүйесінде жаңа ойындар және ойын – сауықтар пайда болды. Балалар ақпараттық – қатынастық құралдарды оңай игереді, сондықтан оларды дәстүрлі көрнекілік құралдармен таңқалдыру қиын. Балалардың  тілін дамыту үдерісін түзетуде үшін қазіргі күнде өте көп әдістер, технологиялар бар. Мектепке дейінгі балалардың тіл қызметін жетілдіруде жақсы әсерлік ахуал, тілдік ортаны жасау маңызды жағдай болып саналады, өз тілін белсенді дамытуға мүдде пайда болуға себеп тудырады және тілдік байланысқа қатыстырады.

Мектепке дейінгі балаларға ең жақын, құмарлы,қолайлы қызмет – ойын. Ойын және тіл арасында екі жақты байланыс бар: бір жақтан баланың тілі ойында дамиды, белсендіріледі; екінші жақтан ойынның өзі тілдің ықпалы және толықтыруы арқылы жетілдіріледі. Қазіргі және қызықты оқыту әдістердің бірі ол ежелгі логикалық машина, оны БӨШҚД технология авторлары мектепке дейінгі білім беруде қолданып “ Луллия дөңгелектері” деп атады. XIII ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз дөңгелегі түрінде логикалық машинаны ойлап тапты. Оны мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда қолайлы құрал ретінде қолдануға болады екен. “Луллия дөңгелегі”  – ол компьютер тәрізді, тек қана сөздер үшін.   Құрылымының қарапайымдылығы үшін оны балабақшада қолдануға болады. Осы әдісті мен балалар жұмысында қолдана бастадым және оны нәтижелі деп ойлаймын.  Ол бір тетікке тізбектелген диаметрі әр түрлі дөңгелек ( пирамида тәрізді). Тетіктің үстіңгі жағына тілше орнатылады. Дөңгелектер жылжымалы. Олар саны бірдей секторларға бөлінеген. Дөңгелек еркін айналғанда, тілше астында белгілі секторорналасады. Луллий секторларға суреттерді орналастырған, сөздерді және тұтас нақылдарды жазған. Кез келген сұрақ қойып, қиыстыру арқылы қиялын қосып жауап таба алады.

  Қазіргі білім беру үдерісінде осы дөңгелектерде суреттер орналастырылған, олар оқылатын тақырыптар бойынша алынған (“Жемістер”, “Көкөністер”, “Киім”, “Ағаштар” т. б.) және олар қиықша терезесі бар экранмен жабылған. Керек нәтижені іздеу мақсатында суреттерді алмастыра отырып, бала саусағымен дөңгелектерді бір – біріне қатысты айналдырады, мысалы келесі дидактикалық ойын: “Түсін тап” (тақырыптар “Көкөністер”, “Жемістер”, “ Жидектер”), “Керек құйрықты тап”, “Кімнің бөбегі?”(“Жануарлар” тақырыбында), “Бөлшектерді біртұтасқа жина”        ( “Ыдыс-аяқ” тақырыбында, “Аяқ киім”, “Киім” т.б. )

Менің ой – пікірімше, осы шынайы, танымды нақты белгілерімен суреттер бойынша бала жан – жағындағы әлемді анықтайды. Дөңгелекте ерекше түрімен орналасқан суреттермен балаларға ойнауға қызықты. Әдеттен тыс тапсырмалар балалардың тек қана заттардың белгілерін танытып қоймай, олардың түстерді қабылдау, топтастыруды білу, салыстыру, талдау, қорытындылау, зейінді шоғырлау, ауызша тілді қалыптастыру қабілеттерін дамытады және көру қызметін белсендіруге себеп болады( бекіту, қадағалау, көру байланыс қабілеттері).

Ең маңыздысы – өзін жаратушы болып сезіну, түсіндіруді білу, ойлап табулы, әзірше ертегі түрінде болса да мәселелерді шешу және өз жетістіктеріне сенімдікпен қарау үшін олар балаға жағдай жасайды. Өзім Луллия дөңгелектерін тіл дамытуда сабақтарда да (қоршаған ортаны тану, тіл дамыту, математика, т.б.), жекеше жұмыста да қолданам, оларды балаларға ғажайып шеңбер, жұмбақты дөңгелектер  түрінде ұсынамы   Осы әдісті қолдану үшін әдістемелік ұсыныстар: – Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін төрт дөңгелек қолданған жөн, әр түрлі диаметрмен төрт – сегіз секторға бөлінген.

– Төрт жастағы балалармен жұмыс істеу үшін екі дөңгелек қолданған жөн, диаметрі әр түрлі әрқайсысы төрт секторға бөлінген.

– Бес жастағы балалармен жұмыста екі – үш дөңгелек қолдану, әрқайсысында төрт – алты сектордан.

-Дөңгелектерді пластиктан немесе жуан қатырма қағаздан дайындаған жөн.

– Сабақтың тақырыбы бойынша дөңгелектерге скотч арқылы (ауыстыруға жеңіл болу үшін) суреттер жабыстырылады. Өткізу технологиялық тізбегі үш дөңгелекті қолдану мысалында:

Мысалы: бірінші ең үлкен дөңгелектің секторларына ағаштардың (алма ағашы, қарағай) суреттері жапсырылады; екіншіге – олардың өсетін жері (бау – бақша, орман, батпақ т.б.); үшіншіге – жемістері немесе тұқымдары (апельсин, алма т.б.). Балалар дөңгелектердегі сәйкестікті табу керек. Мысалы, тәрбиешінің сұранысы бойынша төменгі дөңгелектен алма ағашты суретін табады, содан кейін ортаңғы дөңгелектен бақшаның суретін тауып, алма ағаштың үстіне орналастырады, ең кішкентай дөңгелектен алманы тауып орналастырады. Не болғанын түсіндіреді.

Міндет: түсіндіру, қалай зат осы жерде өседі және осындай жеміс береді. Жеткілікті дәрежеде осы таң ғажайып өзгерістің заңдылығын түсіндіру.

Мысалы, мұңды батпақ жерде тамаша ақ қайынның өскені жақсы ма және орманның мекендеушілеріне онда апельсиннің өскені ұнай ма.

Күтілетін нәтижелер:

Секторларға орналастыру үшін заттардың бейнесімен карточкаларды балалардың  іріктеуі, мысалы: “Үй жануарлардың бейнесімен карточкаларды ірікте”.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қалай шынайы, солай таң ғажайып тапсырмаларды өз бетімен ойлап табу. Ерекше белгілері  бар заттың практикалық маңыздылығы туралы әңгіме құрастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. – 2016 жыл.
  2. Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбиелік процесте ойын технологиясын қолдану. Әдістемелік құрал. Астана. – 2014 жыл
  3. Ғаламтор көздерінен. Инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. 2014 жыл
  4. Отбасы және балабақша. №6 Луллия шеңберінің ерекшеліктері. 2014 жыл.
Бөлісу