Астананың қақаған аязында баспанасыз қалған отбасын көршілері уақытша үйіне паналатып отыр. 25 қаңтарда түнде Меңке Ысқақованың жер үйі түгі қалмай өртеніп кеткен.

Елорданың Ильинка ауылында тұратын отбасы жайлы Sputnik Қазақстанхабарлады.

«Пеш отқа оранды, ағаш үй болғандықтан баспанамыз тез өртеніп кетті және соның салдарынан газ баллоны жарылды. Үйде күйеуім, мен және үш ұлым болды. Ұлдарымның ең үлкені 16, ең кішісі 6 жаста, ал ортаншы ұлым 12-де. Пеш соншалықты қатты тарсылдап кеткен соң, бірден далаға жүгіріп шықтық», – дейді Меңке Ысқақова.

Әйелдің айтуы бойынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минуттан кейін келген екен. Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта Меңке Ысқақова балаларымен бірге көршілерінің үйін паналап отыр.

Сонымен қатар, отбасының достары зардап шеккендерге көмек болсын деп қаржы жинауда.

«Бей-жай қарамайтындар киімдер мен төсек жаймаларын әкеп, көмектерін аямауда. Қазірше біздің ұйықтайтын ештеңеміз жоқ, төсек керек », – дейді Ысқақова.

Астана әкімдігі үйді қайтадан тұрғызатын отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде беріпті.

Бөлісу