Ол айтысты ғана емес, талай бәйгені алатын ақындарды да меншіктеп алған

“Жүрсін-айтыс”, “айтыс-Жүрсін!” Осы адамның жүрген жері неге ылғи айтыс-тартыс, дау-дамай екен? Өмірі де айтыс, кәсібі де айтыс, нәсібі де айтыс, оның жолап кеткен жерінің бәрі айтыс!!! Неге біз айтысты кеңес үкіметі кезінде тірілтіп, сахнаға шығарған нағыз қаһарманның аты-жөнін де білмейміз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Айтыс табыс көзі бола алады
Бірақ, өкініштісі, ел-жұрт қазақ айтысын осы кісі тірілтті деп ойлайды. Бұл кісі айтыстың кәдімгі пысықай пиарщигі және тойымсыз жемсауы! Халыққа айтыстың күнін жоқтап жүрген марқасқа болып, соның жолында шырылдап жүрген құрбандық болып көрінгісі келеді. Жоқтағаны айтыстың мүддесі болса, баяғыда ұлттық арнадан берілген айтыс ақындарының тікелей эфиріне неге танымал ақындардың қатысуына тежеу салды? Өйткені, ол жобаны ЕРМАНОВТАН басқалар жасап қойды.Өйткені, ол өзінен басқаның айтыспен айналысқанына төзе алмайды!

Сондықтан да, сол жобаға қатысқандарды үлкен айтысқа шығармаймын деп қорқытып-үркітті! Енді, міне бұл жолы да сол ойбайына басып отыр. Тағы да сол қиқар-айқай: “айтысты неге мен өткізбеймін, неге басқалар өткізеді?”, “менен басқалар өткізіп көрсін, ешбір ақынды жолатпаймын!”- деген…кіжіну, қызғаныш! Оның мұнысы айтыс өнеріне жасалған қиянат емес пе? Ол айтысты ғана емес, дарынды жаратылған және сол дарындарымен талай бәйгені ала алатын ақындарға шейін меншіктеп алған. Өзі нағыз қиянаткер! Айтыста үнемі бір адамдарға жүлде беріп, көпе-көрнеу озып тұрған талай талантты тұқыртып, баласындай жастармен дауласып, қыр соңына түсіп, жанып келе жатқан болашағын кесіп, құртты! Екі сөзінің бірі “құрту” мен “жоюдан” тұратын ағамыздың анау бір жылдары “Қазақ радиосын” басқарған кезіндегі жасаған даңғаза, айқай-шулары ол бар… Айтыста атасының басы қалса да, енді, жол бермей ме жастарға, басқаларға??? Айтыс өнері мен айтыс ақындары оның мөрлеп алған меншігі ме еді???

P.S. Оқырмандарым, менің бұлай күйінетін жөнім бар…түсініңіздер!

Айдар кырыкбай фейсбук парақшасынан алынды

Бөлісу