Кеңес­тер билігінің ор­на­уына бай­ла­ныс­ты Қазақстан­да жаңа үкіметтің басқару жүйелері құры­ла бас­та­ды. Бар­лық кеңес­тер іске кірісті. Кеңес­тер жа­нынан қар­жы, өнеркәсіп, жер, ағар­ту, әділет, ден­са­улық сақтау басқар­ма­лары жұмыс істеді.

1918 жы­лы 21 на­урыз­да Орын­борда кеңес­тердің I Торғай об­лыстық съезі бас­талды. Съез­де жергілікті басқару жүйесі, әле­уметтік мәсе­лелер жайын­да қаулы қабыл­данды. Бұл съездің қаулы­сы бойын­ша Алаш қозғалы­сының үнқағазы «Қазақ» га­зеті жа­был­ды.

1918 жы­лы 20 сәуірде Таш­кент­те Түркістан Кеңес­терінің V съезі бол­ды. Бұл съездің құра­мын­да Жетісу об­лы­сы бар Түркістан ав­то­номи­ялы Кеңестік со­ци­алистік рес­публи­касы құрыл­ды. 1918 жы­лы Кеңес өкіметі көпте­ген өнеркәсіп орын­да­ры мен банкілерді мем­ле­кет қара­мағына ал­ды.

Ха­лықты азақ-түлікпен қам­та­масыз ету жөнінде ша­ралар қол­да­ныл­ды.

1918 жы­лы Ақмо­ла мен Се­мей­де са­уда ісін жүргізу азық-түлік ко­митетіне жүктелді.

Кеңес өкіметі ағар­ту мәсе­лесі бойын­ша нақты ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ра бас­та­ды.

С. Сей­фул­лин Ақмо­ла об­лы­сын­дағы, С. Меңде­шев Бөкей ор­да­сын­дағы білім бе­ру бөлімдерін басқар­ды.

Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақса­тын­да қазақ бөлімін құрды. Бұл істер аза­мат соғысы­ның бас­та­лу­ына бай­ла­ныс­ты тоқтап қал­ды.

Бөлісу