Исламдық бiлiмнiң жағдайы. Ұзақ жылдар бойы қазақ  халқының сауаттылығы екi пайыз болды деп келдi, мұнда тек Ресейге қосылғаннан кейiнгi орыс және орыс-қазақ мектептерiнде бiлiм алған сауатты адамдардың саны ғана  есепке алынатын. Ал бұрынғы Ресей патшалығындағы  мұсылман халықтарының исламдық бiлiмалуын кiмде-кiм  анықтауға, зерттеуге тырысса, оның алдын орап, әртүрлi  айыптарға душар болатын. 

XIX ғасырдағы Қазақстанда мұсылмандық бiлiм алу  көптеген жасанды кедергiлерге тап болды. Мұсылмандық оқу орындарын аралаған патша шенеунiктерi көшпелi халық арасында сауаттылықтың таралу мүмкiндiгiне сенiмсiздiкпен қарады. Үкiметтiң мақсаты — орыс және орыс-қазақ зиялы мектептерiн ашу және кеңейту болды. Сонымен қатартөмендегiдей мiндеттердi шешуге тырысты: жергiлiктi орыс қоныстанушыларының бастауыш бiлiм алуға деген талабын  қанағаттандыру, өлкедегi бай табиғи байлықты игеру үшiн  бiлiмдi мамандарды даярлау, бiртiндеп орнығып келе жатқан  отарлау жүйесiнiң басқармасы, болыстық, уездiк және  облыстық әкiмшiлiк үшiн сауатты адамдар даярлау. Патша үкiметi ағартушылықпен ғана емес, көшпелi ха-
лықты орыстандырумен де айналысты.

Семей облыстық халықтық училищесi инспекторының мойындауынша, оны “бiртiндеп және өте абайлап” жүргiзуге тура келген. Сондықтан ресми құжаттарда, соның iшiнде, патша губернаторларының жылдық есептерiнде Қазақстандағы конфессионалдық мектептердiң барлық iсi өз дәрежесiне сай келмейтiндiгi көрсетiлiп отырған. Әрбiр ауылдағы мешiт жанында дiни мектеп болған. 1867— 1868 жылдардағы әкiмшiлiк-аумақтық реформаға дейiн мектеп және медреселер, негiзiнен, кедергiсiз өз жұмысын атқарып отырған. Қазақ даласындағы басқару жүйесi әкiмшiлiк құрылымның өзгеруiмен бiрге, дiни мектептердiң қызметiне де өзгерiстер енгiзiлдi.

Ресей империясындағы мұсылман мектептерiнiң алдағы  дамуы туралы мәселе, алғаш рет 1870 жылы наурыз айындағы үкiмет шешiмiнде, яғни “Бөтен христиандар мен татар магометандар туралы” арнайы ережеде бекiтiлдi. Бұл ережеде  мемлекет қаржыландыратын қалалық және  ауылдық бастауыш мектептер, мұғалiмдер құрамына орыс тiлiн бiлетiн оқытушы молда не татарша бiлетiн орыс мұғалiмi болуы, өз қаржысы есебiнен мұсылман заңдарын оқытатын мұғалiмдердi тарту көзделдi. Сонымен қатар ол ережеде жаңа  ашыл ған мектеп немесе медресе орыс мұғалiмiн алуға мiндеттi болды, олай болмаған жағдайда мектеп ашылмайтын.

Ережедегi соңғы бөлiм көптеген қиындықтар туғызды, көп жағдайда дәстүрлi мектептер мен медреселерде орыс сыныптары болуынан бас тартқан ұстаздар қудаланды.
Сонымен 1870 жылғы  26  наурыздағы ережеге сәйкес орыс  сыныптары “мұсылмандар көп тұратын барлық орыс қалаларында” бекiтiлдi.

Медресе жан-жақты бiлiм беруге негiзделдi. Онда құранды  оқумен қатар мүлiктi мұраға қалдыру және бөлу туралы заң,  юриспруденция, тарих, философия және жаратылыстану энциклопедиясы, араб тiлiнiң грамматикасы, догматика, логика сияқты ғылым салалары, математика, орыс тiлi оқытылды.Медресенi бiтiргендер өз бiлiмдерiн Бұхара  мен Ташкенттегi дiни оқу орындарында жалғастырып келiп, ауылда мұғалiм ретiнде медреселердiң қызметiне араласты. Кей медреселерде жаңа пәндер де енгiзiлдi. Мысалы, метофизика, мұсылман заңдары және физика. Қазан, Орынбор және Орта Азиядағы дiни семинарияларды, медреселердi және басқа да оқу орындарын бiтiрген мұғалiмдер  адамгершiлiк қасиеттi жоғары қойды.
Бiлiм берудiң жалпы барысы. Үкiмет мектеп пен медреселердiң ұстаздар құрамын қатаң бақылап, оларды “пантюркизм мен панисламизмнiң” буындары деп қарады. Орыс
тiлi жүр месе, әскери губернатор мектептi не медресенi жауып тастайтын.
Мешiт жанындағы дiни мектеп жекеменшiк иесiнде болды. Оқу үйлерiнiң жетiспеуiнен көптеген медреселерде, әсiресе далалық облыстарда бала саны 70 шәкiрттен аспайтын. Медре седегi оқу бағдарламасы үш, төрт, бес кейде он жылға
созылған. Күнделiктi оқу кестесi 7.00-ден 11.00-ге дейiн және 13.00-ден 16.00-ге дейiн жоспарланатын. Оқу жылы мамыр айында басталып, тамызда аяқталатын.
Оқушылардың көпшiлiк бөлiгi шеткерi аудандардан келiп, медресе жанындағы жатақханаларда тұрды. Орталық әкiмшiлiк бұған ерекше назар аударып отырған. Халық училищесiнiң инспекторы, статс кеңесшi Злобин 1901 жылы
21 ақпанда дала губернаторына жолдаған хатында: “Медресе жанында тұратын оқушылар магометандық фанатизм ықпалына түсiп, осы жатақханаға уақытша тоқтаған жүргiншiлердiң арасында бiршама уақыттарын өткiзiп жүр”, — деп
жазды.

Қаза қжерiндегi дiни оқу орындарыәртүрлi қоғамдастықтар қолдауында болған. Олар жастар арасында ағартушылық жұмыстарға өз үлестерiн қосып отырған. Бiрақ мұндай
ұлттық зиялы қауымды бiрiктiрген қоғамдастықтарға патша әкiмшiлiгi терiс көзқараста болды.

Мектептер мен медреселердiң, қалалық және басқа кiтапханалардың жабдықталуын, негiзiнен, жеке адамдар, қайырымдылық ұйымдары, жергiлiктi мұсылмандық қоғамдар көтерiп отырды.

Петропавлдағы iрi мұсылмандық орталық жұмысына татарлар және парсы-түрiк елдерiнен келген мұсылмандар қатысып отырған. Қалалық мұсылмандар кiтапханасы осы орталықтың қаржыландыруымен 1910 жылға дейiн жұмыс iстедi.Кейiннен Петропавл қоғамын тек бiр ғана мұсылмандардың мүддесiн көздейдi деген жаламен жауып тастады. 1905—1907 жылдары Ресейдегi революция үкiметтi ағарту саласында жеңiлдiктер жасауға итермеледi. 1905 жылғы17 қазандағы манифестен кейiн мұсылмандық мекемелерде  де, қоры жеткiлiксiз  аз болса да кiтапханалар ашылды және тегiн болды. Дегенмен, XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы мұсылмандар мектептерiнiң санын толық анықтау қиын.
Сонымен қатар қазақ жастары зайырлы оқу орындарында, соның iшiнде, бастауыш оқу орындарында (прогимназияда, қалалық училищеде, ерлердiң және әйелдердiң приходтық училищесi, орыс-қазақ аралас мектебi және алғашқы сауатсыздықты жою мектебi), орта бiлiм беретiн ерлер мен әйелдер гимназиясы, оқытушылар семинариясы, кәсiптiк мектептерде (ауылшаруашылық, фельдшерлiк, қолөнер) бiлiм алды. Қазақ балалары  Омбы, Орынбор мұғалiмдер институтында, Қазан, Томск, Петербург университеттерiнде оқыған. 1896 жылы тек Торғай облысынан Ресейдiң әртүрлi
оқу орындарында 50-ге жуық негiзiнен қазақ студенттерi бiлiм алған. Петербург университетiнiң стипендиаты, Семей облысынан шыққан Жақып Ақбаев заң факультетiн бiтiрген алғашқы кәсiби қазақ заңгерi болды.
Қазақ балаларының бiраз бөлiгi орыс мектептерiнде, сонымен қатар ауқатты отбасынан шыққан балалар үйде мұғалiм жалдап бiлiм алған.
1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 4 млн-нан 5 млн-ға дейiн деп көрсетiлген. Соның iшiнде хат танитындар саны, оның 10 пайызын құрайды.

Бұл деректер кеңес заманында жиi қайталанған “отарлық кезiнде қазақтардың сауаттылығы екi пайыздан аспады” деген жалған қорытындының орынсыздығын көрсетедi. 
Қазақстандағы бiлiм берудiң үкiмет саясаты, ең алдымен, өздерiнiң отаршылдық ниеттерiн iске асыруға кедергi болып отыр деп есептеген мұсылман мектебiнiң ықпалын әлсiретудi мақсат еттi. 

Бөлісу