Қазақ қоғамының қоғамдық-әлеуметтік өмірінде және рухани мәдениетінде музыкалық өнер үлкен орын алады. Осы кезеңде дамуды аспапты әуен алды. Он шақты әуенді аспаптардың ішінде көп тарағаны домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай.

ХІХ ғ. ІІ жартысы классикалық әуенді шығармаларды құрған. Атақты композитормен көрсетілген. Бұл кезеңде көрнекті өкілі данышпан күйші-композитор, қазақ аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлы болып табылады. Жас кезінен ол әуендік дарындығын көрсеткен, домбыра үйренудегі бірінші ұстазы–Ханбазар, басты ұстазы-күйші Ұзақ. Кәсіби күйші жолына түскен Құрманғазы өзінің «Кішкентай», «Ақбай», «Түрмеден қашқан», «Ақсақ киік», «Адай» тағдырына деген уайымы, оның босату қозғалысына сенімділігі мен шешімділігі және болашаққа деген сенімділігі көрсетілген.

Атақты күйші-композитор, домбыралық әуендегі лирикалық бағыттың негізін қалаушы Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887жж.) қазақ қоғамының аристократиялық шеңберінен шыққан. Оның көзқарастарының қалыптасуына 1836-1838 жж. көтеріліс әсер етті. Дәулеткерейдің «Қос алқа», «Қыз-Ақжелкен», «Құдаша», «Жеңгем сүйер», «Ақбала қыз», «Жұмабике» және жіңішке психологиялық әйел суретін құрған «Көркемханым» атты күйлері бар. Композитордың жануайымы және ойлаулары оның «Қоңыр», «Топан», «Жігер» атты күйлерінде берілген. Дәулеткерейдің 40-қа таман күйлері мәлім.

Әуендік өнерде көрнекті орынды алған атақты күйші-композитор, классикалық домбыралық шығармашылықтың негізін салушылардың бірі, шертпе стильді күйлердің авторы және орындаушысы Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.). Ол классикалық үлгідегі «Қосбасар», «Терісқақпай», «Боз айғыр», «Боз торғай», «Алшағар» атты дәстүрлі күйлерді шығарған. Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкей–кесті» атты күйлері ең жақсы қазақ аспапты әуендік шығармаларға жатады.

ХІХ ғ. ІІ жартысы Біржан Сал Қожағұлұлы (1834-1897 жж.) Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) есімдерімен белгілі. Атақты композитор, әнші, ақын. Біржан өзінің шығармаларында әлеуметтік мәселелерді, мінездік түсініктерді, жеке тұлғалардың тағдырын қарастырған . Оның ең жақсы шығармаларына «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлім Шырақ», «Жамбас сипар», «Жанбота» және т.б жатады. Қазақтың ән өнерінің мықты, күшті бір өкілі Ақан-сері Қорамсаұлы болған. Қазақстан облысы территориясындағы Қоскөл жерінде дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін Қызылжар қаласының медресесіне түсті. Бұнда Ақан, араб, парсы, шағатай тілдерін оқыды және Фирдоуси, Низами, Шамси, Сағади, Хафиз, Физули, Науайдың шығыс поэзиясымен танысты. Оның алғашқы өлеңдері Шығыс ақындарына еліктеп жазылған. Ол 50-ге таман өлең, оның ішінде «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет» және т.б. жазған ақын лирик, композитор.

Осыдан ХІХ ғ. Қазақ халқының мәдениеті өткеннің мәдениетімен, оның жақсы дәстүрлерімен байланысты. Сонымен қатар, саяси экономикалық жағдайдағы және қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы жаңа құбылыстар мәдени өмірдің дамуына бүтінімен әсер етті. Қарастырылған кезеңде көптеген қалаларда, қазақ ауылдарында 4000-нан астам оқушылары бар, 100-ге шақты екі класстық мектептер қызмет етті, көп мектептерде интернат ашылды. Орыс-қазақ мектептерінің қабілетті түлектері келесі оқуларын Ресей жоғарғы оқу орындарында және кадеттік корпустарында жалғастыра алды. Омскідегі және Неплюевтегі кадеттік корпустар қазақ жастарынан жергілікті колониялық аппараттың шенеуніктерін дайындады. Қазақ жастарының көп мөлшері Санкт-Петербургтің университетінде, әскери-медициналық академияда, Қазанның, Томскінің университетінде және т.б. ЖОО-да оқыды. ХІХ ғ. ІІ жартысында ашылған ғылыми мекемелер мен қоғамдар қазақ даласын орыс капитализімімен неғұрлым кең колониялды қанау үшін ғылыми база дайындады. Сонымен қатар, олар басқа зертеушілерге базалық көз болған. Қазақстанның экономикасы мен тарихы бойынша көп мөлшерде материалдарды жинап, ғылыми айналымға енгізді.

Бөлісу