ХІХ ғ. І жартысында орыс мәдениетінің көптеген өкілдері қазақ халқының өмірі мен тарихына белгілі мөлшерде көңіл аудара бастады. В.И. Даль -1833 -1841 ж.ж., Орынбор әскери губернаторының ерекше тапсырыстар шенеунігі бола тұра, түркі тілді халықтардың ауыз әдебиетінің үлгілері мен жазбаларын жинады.

1839 – 1840 жж. орыс әскерлерінің Хиуа жорықтарына қатыса отырып, 1836– 1838 жж. көтеріліс басшыларына өкінішін білдірді. Орынбор өлкесі қазақтарының өмірі туралы «Бөкей мен Маулен» повесін жазды.

Левшиннің «Қырғыз – қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу», И. Завалишиннің «Батыс Сібірді суреттеу» атты тарихи зерттеулері және т.б. Қазақстанның ғылыми зерттеуіне әсер етті.

ХІХ ғасырдың ІІ –жартысында Қазақстан мен Ресейдің мәдени өмірінде орыс оқу орындарында білім алған ұлттық интеллигенцияның тууы көрнекті роль атқарды. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің бірі-Ш.Уәлиханов болды.

1847 жылы ол Сібірдегі ең үздік оқу орыны боп саналған Омск кадет корпусына оқуға түседі. Онда орыс тілін жетік меңгереді, жан–жақты білім алады. 1853 жылы кадет корпусын бітірісімен, Батыс Сібір генерал–губернаторы Гасфортқа қызмет етуге тағайындалады.

1854-1857 жылдары Ш.Уәлиханов, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғыздағы экспедицияларға белсенді қатысады. 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісуды, Тарбағайды аралайды, ежелгі қалаларды, тастардағы суреттерді зерттейді, қазақ халқының өлеңдері мен ертегілерін, салт–дәстүрлерін жазып алады.

1856 жылы Ыстықкөл экспедициясына қатысқан Шоқан Ыстықкөл бассейінінің түсірілімен жүзеге асырады, қырғыз халқының тарихы мен мәдениетін зерттейді, «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар» жазады. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысады. Алғаш рет «Манас» эпосынан үлкен үзінді жазады.

1857 ж. Семенов-Тянь-Шаньскийдің нұсқауымен Ш. Уәлиханов орыс Географиялық қоғамының, мүшесі болып сайланады.

1859 ж. алғында Ш. Уалиханов Петербургке келеді, мұнда ғалымдар оны ержүрек саяхаттанушы және зерттеуші ретінде қарсы алады. Бас Штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсырысы бойынша Уәлиханов Орталық және Азияның карталарын – «Балхаш көлі мен Алатау жоталарының арасындағы кеңістіктер картасы», «Қытай империясының батыс өлкесі картасы» және т.б. құрастырады. Ол Қазақстан мен Орта Азияның география мен этнографиясы жөнінде материалдар жинайды Императорлық географиялық қоғамда баяндама оқиды. Ш. Уалихановтың ғылыми-зерттеу қызметі қоғамның үлкен бағасына ие болды. Оның еңбектері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылған.

Өлкемізде ірі зерттеушілердің арасында бүкіл әлемге белгілі – П. П. Семенов- Тянь Шаньский есімімен байланысты. Ол Алтайға, Жетісуға, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басқаруымен «Ресей толық географиялық суреттеу» дайындалды, екі көлемді том – Қырғыз өлкесі мен «Түркістан өлкесі» – біздің республикамыздың халқының табиғатымен тұрмысын сипаттайды.

ХІХ ғ. аяғында Орынбор өлкесінде Ішкі орданың тумасы, Қазақстанның ғылыми-зерттеу жұмысына ат салысқан қазақтың этнографы «Хаджа- Мұхаммед- Салық Бабаджанов» жұмыс істеді. 1860 ж. бастап, өз еңбектерін «Северная пчела», «Санкт Петербургские ведомости», «Волга», «Деятельность», «Охота», «Туркменская Туземная», газет, журнал беттерінде жариялай бастайды. 1861 жылы этнография бөлімінің кеңестік қоғамы оны өздерінің мүшесі етіп сайлайды, ал 1 жыл өткен соң күміс медальмен марапаттайды. Бабаджанов ғылыми еңбектері үшін арнайы марапат алған тұңғыш қазақ болады. Алғашқы еуропалық білім алған қазақ интеллигенттері хандық қызметке ауысқан сұлтан әулетінен шыққан болатын. Олар орыс ағартушыларының жақтаушылары болатын, қазақ пен орыс халықтарының жақындасуын қалаған.

Капиталистік Рессейдің қажеттіліктері – ұлттық өлкелерді терең ғылыми зерттеу болатын. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстан территориясында Ресейдің түрлі ғылыми қоғамдарының орындары мен филиалдары құрылды. 1867 ж. Қазақстанның Батыс және Солтүстігіне ғылыми зерттеу жүргізетін Орынбор бөлімі құрылды.

Мемлекеттің Шығыс аудандарын қамту, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстан, Батыс – Сібір бөлімінің ашылуына түрткі болды, оның басты міндеті – Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық, жаратылыстану (табиғи) – тарихи және этнографиялық қатынастарды зерттеу. Ерекше қызығушылықты сол кездегі Батыс Сібір құрамына кіретін Солтүстік Қазақстандағы жеке Мүшелердің сапар шегуі көрсетеді.

1867 жылы Түркістан генерал–губернаторлығы құрылысымен, ХІХ ғ. аяғында Ташкент қаласы мемлекеттің ірі ғылыми орталығына айналады. Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстік бөлігін терең зерттеу мақсатымен 1897 ж. ақпан айында Орыс географиялық қоғамының, Түркістан бөлімі ашылады. Бөлімнің басты міндеттерінің бірі-Ресейдің жаңа территориясының географиясын зерттеу болып табылады. Бірақ бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғат жағдайларын зерттеумен ғана шектелген жоқ. Оладың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның тарихы, әлеуметтік–экономикалық жағдайлары туралы көптеген мақалаларымен белгілері бар.

Ресейдің жекелеген аймақтарын әлеуметтік–экономикалық тарихы бойынша іргесін қалау үшін зерттеудің қайнар көзінің базасын кеңейту қажеттілігі туды. Бұл Ресейдің 29 губерниясында оқу мұрағатының құрылуына негіз болды. 1887 жылы желтоқсанда Орынбор ғылыми-мұрағаттық комиссия құрылады. Комиссияның мақсаты–генерал-губернатордың канцеляриясындағы мұрағаттық құжаттардың ғылыми зерттеушілерін дайындау және тәртіпке келтіру.

Мұрағаттық комиссия қызметінің басты бағыты – Орынбор мұражайының құрылуы болды. Бірақ та Орынборда мұражай құру қажеттілігі губерн статистикалық комитетінің үлесінде болды.

1888 жылы ол қалада тарихи–археологиялық мұражай бекіту жарлығын шығарды. Бұл уақытқа қарай жергілікті өлкетанушылар ориентологиялық, минералдық, зоологиялық, этнографиялық, коллекциялардың, кездейсоқ археологиялық қазбалардың белгілі мөлшелерін жинады. Орынбор ғылыми – мұрағаттық комиссияның ең көрнекті мушесі – И. Кастанье болды. Өзінің ғылыми қызметін екі бағытта жүзеге асырды: қазбалар жүргізді және қазақ далаларының ежелгі мәдениетінің ескерткіштері жайлы мәліметтер жинады.

Оның ең үздік еңбегі–қазақ даласының археологиясы туралы барлық мәліметтерді жүйелеу болып табылады. Көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде–Қазақстанның барлық облыстарындағы ескерткіштерді бейнелеу жатады.

Археологиялық қатынастарда Қазақстанның Оңтүстік бөлгілі Орта Азиядағы Түркістандық археологияға қызығушылар үйірмесін зерттеген жалғыз тарихи – ғылыми мекеме болды. Ол 1895 ж. желтоқсанда ашылды. Үйірменің мақсаты мен міндеттері үйірме жарлығының 2-ші парагрофында анық белгіленді: Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның мәдениеті мен тарихындағы ескерткіштерді жария ету, анықтау, санау, зерттеу. Түркістандық археологияға қызығушылар үйірмесі Қазақстанның Оңтүстігінде археологиялық қазбалар жүргізді, оның нәтижелері ғылыми баспаларда басылды. Үйірме мүшелерінің қазбалары мен зерттеулері көрнекті орыс шығыстанушылары мен археологтарында қызығушылық тудырды, олар мұны отандық шығыстануды байытатын еңбектерінде пайдаланды. Тегін қоғамдық кітапханалар Торғай, Орынбор қалаларында ашылды. 90-шы жылдары Қостанайдағы тегін кітап беретін мектептер алдына халықтың білім деңгейін артты ру мақсатын қойды. Үйірменің өзінің жыл сайын шығатын баспа органы болды.

1868 жылы Түркістанда, 1878 Семейде Облыстық статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақтар арасында ғылым, білім, сауаттылық негіздерін таратты, Қазақтардың статистикасы, тарихы, этнографиясы, математикалық мәдениеті туралы көптеген материалдар жинады.

ХІХ ғасырдың аяғында халықты ағартуда қоғамдық кітапханалар үлкен роль атқарды. Ең алғаш қоғамдық кітапхана 1883 жылы Семей қаласында ашылды, онда алғашқыда 260 кітап қана болатын. Бұл қалаға жіберілген А.Блек, Е.Михаэлис, П.Лобановкий, С-Гросс, сонымен қатар А.Құнанбайұлы кітапханаға арналған құнды баспаларды жинаумен айналысты. Кейінірек кітапханаға Ресейдің әр түрлі бұрыштарынан түрлі ғылымның бағыттары бойынша көптеген кітаптар мен журналдар келе бастады.

Қазақстанды зерттеумен мемлекет орталығының ғылыми кенселері де айналысты. Қазақ проблематикасы, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғында Мәскеу университеті негізіндегі жаратылыстану, антропология және этнографияны сүюшілердің Қоғамдастығының іс әрекетінде көрнекті орын алды. Қазақтардың шығу тегі, тұрмысы, мәдениетін зерттеуге ХІХ ғасырдың ортасында Шығыс бөлімшеге орыс археологиялық қоғамдастықты біріктірген орыс шығыстанушылар үлкен үлес қосты. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихында орыс шығыстанушыларының көптеген еңбектері өз маңызын жоғалтқан жоқ. ХІХ-ХХ ғғ. «Хат» және «Еңбек» бөлімшелердің әрбір нөмірінде мақалалар, критикалық – өмірбаянның тарихи очерктер бойынша және қазақ халқының этнографиясы, фольклорлық материалдары орналастырылған.

Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін, тарихын оқығанда ХІХ ғ. аяғы – ХХғ. басында қазақ ұлттық мәдениетінің экспонаттарын жинай бастаған астананың этнографиялық мұражайлары белгілі роль атқарды. ХІХ ғ. 30 жылдарында Ғылыми Академиялық антропология және этнография мұражайларында қазақтың этнографиялық заттарының тұрақты экспозициялары болатын. Қазақтардың этнографиялық коллекциялары 1895 жылы орыс географиялық қоғамының ұсынылуымен құрылған Петербург орыс мұражайында, археологиялық қоғам мұражайында, Мәскеудегі Дашков этнографиялық мұражайда, Верный, Екатеринбург, Қазан, Омск, Орынбор, Саратов, Семей, Ташкент қалаларындағы мұражайларында бар болатын. Олар қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне қоғамның назарын аударды. Қазақтардың өмірі туралы жеткілікті мәліметтердің таралуына ықпал тигізді. Мұражайларда қазіргі уақытта өзінің ғылыми маңызын жоғалтпаған, төңкеріске (революцияға) дейінгі қазақтардың тұрмысының құнды заттары сақталған.

Бөлісу