Биологиялық ғылымдардың негізі. Тір организ/де байқалатын биологиялық заңдылықтардың әртүрлі көріністері.Теориялық биология курсы- теориялық бағыттағы пән, магистранттарға тірі организмдер қызметінің негізгі заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Жалпы бұл курс биожүйелер фнкцияларын ретту, үлгілеу және оларды басқарудың жаңа жолдарын іздестірудің негізін қалайды. Міндеті- теориялық биологияның жетістіктерімен және оның даму преспективасымен таныстыру. Жалпы теориялық аксиомалар мен биожүйелердің спецификалық ерекшеліктерін түсінуді қамтамасыз ету. Жалпы биологияның негізгі бөлімдері бойынша жалпы биологиялық теориялық білім беру және оларда теориялық ойлау процестерін қалыптастыру. Теориялық биологияның пәнаралық және іргелі ғылым болуына байланысты оның мазмұны жекелеген заңдар мен болжамдарды ғана есте сақтаумен қанағаттанбай, керісінше оларды тұсіну физикадан, математикадан, информатикадан, химиядан, биофизикадан, биохимиядан, молекулалаық биологиядан, генетикадан, физиологиядан, ботаникадан, генетикадан студенттердің алған теориялық және тәжірибелік мәліметтермен тығыз байланыста болуы керек. теориялық биология- үлгілі-жүйелі ғылым. Ырғақтылық, энергия, ақпарат, уақыт, функция, құрамы, генетика, эволюция ұғымдарытолардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділіктері тек функционалдық, гетерогендік арнаулылық, кез-келген тірі жүйенің динамизмі жөніндегі айтылып қойма, оқу процесі барысында көптеген ұғымдарды теориялық жағынан байыту керек.

Теориялық биология пәні қарастыратын негізгі заңдары қандай? Түсініктеме беріңіз

Теориялық биология- биологиялық ғылымдардың негізі. Тір организ/де байқалатын биологиялық заңдылықтардың әртүрлі көріністері.Теориялық биология курсы- теориялық бағыттағы пән, магистранттарға тірі организмдер қызметінің негізгі заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Жалпы бұл курс биожүйелер фнкцияларын ретту, үлгілеу және оларды басқарудың жаңа жолдарын іздестірудің негізін қалайды. Міндеті- теориялық биологияның жетістіктерімен және оның даму преспективасымен таныстыру. Жалпы теориялық аксиомалар мен биожүйелердің спецификалық ерекшеліктерін түсінуді қамтамасыз ету. Жалпы биологияның негізгі бөлімдері бойынша жалпы биологиялық теориялық білім беру және оларда теориялық ойлау процестерін қалыптастыру. Теориялық биологияның пәнаралық және іргелі ғылым болуына байланысты оның мазмұны жекелеген заңдар мен болжамдарды ғана есте сақтаумен қанағаттанбай, керісінше оларды тұсіну физикадан, математикадан, информатикадан, химиядан, биофизикадан, биохимиядан, молекулалаық биологиядан, генетикадан, физиологиядан, ботаникадан, генетикадан студенттердің алған теориялық және тәжірибелік мәліметтермен тығыз байланыста болуы керек. теориялық биология- үлгілі-жүйелі ғылым. Ырғақтылық, энергия, ақпарат, уақыт, функция, құрамы, генетика, эволюция ұғымдарытолардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділіктері тек функционалдық, гетерогендік арнаулылық, кез-келген тірі жүйенің динамизмі жөніндегі айтылып қойма, оқу процесі барысында көптеген ұғымдарды теориялық жағынан байыту керек.Теориялық биология қолданбалы биофизика, қолданбалы экология,теориялық және практикалық биофизика, қолданбалы биохимия,биометрия және математикалық биофизика тәрізді пәндермен байланысты. Жалпы бұл пәннен төмендегі сұрақтарға жауап іздеуге болады.1.Теориялық биологияның теориялық және методолгиялық негіздері туралы. Термодинамиканың және информатиканың теориялары.2. Тіршіліктің бірлігі және ерекшелігі туралы Сент – Илердің заңы.3. Вернадскийдің өмірдің глобалдығы жәйлі заңының принцптері.4. Вернадскийдің екінші заңы.5. Дарвиннің сұрыпталу заңдылықтары.6. Ж.Б Ламарктың заңдары.7. Онтогенездік қартаю және жаңару жәйлі Кренкенің заңы.8.Онтогенездің бірліктігі жәйлі Дриш заңы.9. Тірі организмнің химиялық құрамы жәйлі Ф.Энгелстің бірінші заңы.10. Опариннің жерде тіршіліктің пайда болуы жәйлі концепциялары.11. Адамның қалыптасуына еңбектің атқарған рөлі.12. Биохимиялық процестер туралы Берталанфи заңы.13. Биологиялық құбылыстардың ақпараттық заңдылығы.14. Уақыт пен сағаттың теориялық биологиядағы проблемалары.15. Теориялық биологияның методологиясын білу және меңгеру.16.Курстан алған теориялық білімін өмірде және ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалана білу.

Теориялық биология пәні биология ғылымының негізгі саласы. Биологияның негізгі түсініктері,оның теориялары арқылы тірі организмде болып жататын биологиялық құбылыстар мен процестер туралы білімін жетілдіріп, түсінігін кеңейту, тиянақты білімін қалыптастыру.Теориялық биология қолданбалы биофизика, қолданбалы экология, теориялық және практикалық биофизика, қолданбалы биохимия,биометрия және математикалық биофизика тәрізді пәндермен байланысты. Теориялық биология – биология ғылымдарының негізі болып табылады. Ал биология – жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді. Ұсынылған заңдар жүйесі бізді айтылған мақсаттарға жақындата түскенмен әлі де шешілмеген көптеген мәселелер жеткілікті.

Тірі материя құрылымының негізгі топтарына сипаттама беріңіз.

Жер бетіндегі тіршіліктің қалыптасуы адамзаттан вирустарға дейінгі аралықты қамтиды.Бұл көптүрлілік иерархиялық топтарды,яғни әртүрлі рангалы таксондар-табиғи таксондар жүйелерін қалыптастырады.Биологиялық патшалықты классификациялау құрылымдық морфологиялық критерийлерге негізделген болуы қажет,осыған байланысты тірі материя құрылысының 1. Ацеллюлярлы 2.квазицеллюлярлы 3.протоцеллюлярлы 4.моноцеллюлярлы 5.полицеллюлярлы (целлюла-клетка) сияқты негізгі формаларын ажыратуға болады. Ацеллюлярлық құрылымдар вирустар мен олардың гипотетикалық аналогтарына ж/е И.А. Опариннің тіршіліктің пайда болуы теориясындағы концервативтік белок тамшыларына тән.Биологиялық объектілердің бұл аралас топтары протобионттар патшалығын құрайды. Квазицеллюлярлық құрылымдар жабынды қабығы болмайтын ұсақ бактериялар-микоплазмаға тән.Осы тәріздес топтағы организмдер эволюциялық дамудың нәтижесінде археобионттар патшалығының өтпелі кезеңіндегі түрлі протобионттардан п.б. ықтимал. Протоцеллюлярлық құрылымдар (алғашқы клеткалар)-нағыз бактериялар,мұндай қасиеттер археобактериялар мен цианобактерияларға тән.Протоц/қ құрылымдар археобионттар ж/е олардың кейбіреулерінде клетка қабығы п.б. байланысты клетка көлемінің үлкеюі негізінде п.б. Бұл топтағылар протокариоттар н/е бактериялар патшалығын құрайды. Эукариоттардан жоғары деңгейде тұрған моно-ж/е полоцеллюлярлы құрылымдар (бір ж/е көп клеткалы)прокариоттардың түрлі өкілдерінің симбиоздық эволюциясы нәтижесінде п.б.Мұның өзі төменгі эукариоттарды біріктіретін зоофитоидтар патшалығын туындатты.Жоғары сатылы өсімдіктер мен клеткалы жануарлар патшалығы олардың түрлі деңгейдегі патшалығынан п.б.Бұл гипотездік схема филогенетикалық туыстығы жағынан өз-ара бір-бірімен тығыз байланысты тірі материяның құрылымдық формаларын тұтастай қамтып отыр.Тіршіліктің біртұтастығы мен көптүрлілігі жөніндегі заңдылық организмдердің жекелік дамуындағы кейбір ерекшеліктерімен байқалады. Жасуша – тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты азғалар Клеткасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның ағзасында – 1014 Клетка болса, ағзаның кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі ағзалардың Клеткасында кездеседі. Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын ағзаларда митохондрия болмайды. Ядро – ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер

мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2–0,8мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана – Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Клетканың қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид- пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.

Бөлісу