Ұлы жүз Ресейдің қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан, Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл жасап отырды.

1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:

-Бірінші кезең – XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан басталып 19 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады.

-Екінші кезең – XVIII ғасырдың 60-шы жылдары аяқталды. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. Округ басшылары – аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.

-Үшінші кезең – 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге т.б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді.

Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

Бөлісу