XVIII ғасырдың ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері 1745 жылы Калдан-Церен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығының өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қауіпі жойылды. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Барақ султанның өлтіруі Россия өкіметін мазаламай қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург сарайы Россияға бейімделушілік бағытын устаған феодалдық топтарға үміт артты. 1749 жылы Нуралы Кіші жүздің ханы болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайы шиеленістіріп жіберді. Бұл Орал мағайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне және Россияның саясатын қолдаған Нуралы ханға қарсы күрес еді.

1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында малдарын Жайықтың оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша (Елизавета Петровна) жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарымен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкеп соғатын Россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Алайда, Орынбор губернаторы барон Игельстромның әуел баста II Екатирина мақұлдаған бұл реформасының жобасы сәтсіздікке ұшырап, іске аспай қалды. Көп кешікпей Россия саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және батыр Сырым Датұлы көтерілісінің қыспағында ұшыраған Нуралы хан биліктен шеттетілді.

Шығысында Цан империясымен тікелей жанасатын, сондықтан Россия империясы билеуші топтарының ерекше қам жасауын тұғызған Орта жүздегі жағдай бұдан біршама басқаша қалыптасты. Көбінесе Жоңғарияның циндер жаулап алған иеліктерін құрайтын жерлерден Циньцзян имперлік уәлилігінің құрылуы қазақ-орыс және қазақ- қытай қарым – қатынастарына көптеген өзгерістер енгізді. Сөйтіп, патша өкіметінің осы аймақта әскери — әкімшілік әрекеттер жүргізуін едәуір дәрежеде тездете түсті.

Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды. Шекаралық желі үш бөлімнен тұрды: Оңтүстік – батыс жағынан — Сібір далалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684 шақырым Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен Колывандық тау-кен заводтарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында (Колыванск желісі), ұзындығы 723 шақырым.

Бекіністердің құрылымы қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты. Сібір әкімшілігі мен қазақ султандары арасында шиелініс тудырды. Аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіру қаупі Абылай бастаған ықпалды султандардың Россия бодандығын сақтай отырып, Цин богдыханның сюзерендік жоғарғы өкімет билігін қабылдауына түркі болды.

Бөлісу