Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы.

Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, “Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.

Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.

Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды.

Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • көндіктірушілік;
  • құндылықты-нормативтік;
  • әлеуметтендіргіш;
  • ұйымдық реттегіш;
  • ізгілікті;
  • комуникаттивті-ақпараттық.

Көндіктірушілік міндет  тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге

байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі.

Құндылықты-нормативтік міндет  нормалардың, құндылықтардың ,

дәстүр мен әдет ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.

Әлеуметтендіргіш міндеті  адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.

Ұйымдық-реттеушілік міндеті  қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.

Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы,ру, тайпа, жыныстық одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық-реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты.

Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.

Ізгіліктілік міндеті:  Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті “жэнь” – адамгершілік түснігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А. Швейцардың мына сөзімен беруге болады: “Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықты сақтауды талап етеді.

Коммуникативтік-ақпараттық міндет  күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, аппараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдық, дағдының жиынтығынан тұратын барлық аппараттық саласына, сәйкестігіне байланысты. Мәдениеттің осы міндетін іске асыратын маңызды құрал – тіл. Мәдениетте аппараттың алмасуы белгі, бейне, символ (рәміз) орнына іске асады. Олардың пайдаланылуы мәдениет пен адамды ажыратуы немесе біріктіруі мүмкін.

Бөлісу