Өлең мәтіндерін талдау

Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері. Өлең мәтіндерін түзуде өлеңнің тақырыптық ерекшеліктері. Өлең контексі. 

Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері оны құрайтын сөздік қорға байланысты. Өлең мәтіндерін түзуде өлеңнің тақырыптық ерекшелігі мен жеке автордың сөз таңдау мәнеріне қарай тілдің лексикалық қабаттарының барлығы қатысады. Өлең мәтіндерінде грамматикалық тұлғалардың өзгерісі, жаңа сөзжасам үлгілері де назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселен, жекелеген сөз таптарының өлең мәтіндерін құрудағы ерекшеліктері жайлы тілдік зерттеулерде жақсы талданып жүр. Поэзиялық шығармаларда дыбыстар гармониясы – эвфония туралы да аз айтылып жүрген жоқ.

Өлең контексті поэтикалығының прагматикасы – оқушы сезіміне әсер ету. Мұнда өлең мәтіндерінде синтаксистік заңдылықтар үнемі сақтала бермейді. Өлең мәтініндегі поэтиканың оқушыға жеткізілу амалдары мен сипаты – поэтиканың басты белгілерінің бірі саналады.

Өлең авторы оқушысының әр түрлі сезімдік қабылдауына қарай қатынас орнатады. Өлеңдегі коммуникацияда автор оқушысының шындық дүниемен барлық қарым-қатынасын грамматикалық категориялармен жүзеге асыруымен қатар, сөйлеудегі оқшау сөздер әсіресе қаратпа сөздердің қолданылу маңыздылығын бірден байқатады. Өлең мәтінінде қаратпа сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен маңызы арнайы қарастыруды қажет етеді.

Бөлісу