Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы

Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін – күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты » ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды

Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен:

– Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны

– Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы

– Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау

– Прагматикалық тұрғыда – мәтін авторының обьективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.

Мәтіндердің ең ауқымды және лингвистикалық типологиясы оның функционалдық стилі болып табылады. Кез-келген мәтін түрін белгілі бір стиль түріне негіздеуге болады.

Бөлісу