Мәтін талдаудың әдістері мен аспектісі

Сөйлеу кезінде сөздер тілде қалыптасқан тура мағынада ғана қолданылып қана қоймай, тек мәтін арқылы ғана түсінуге болатын ауыспалы, келтірінді мағынада қолданыла береді.

Мәтін мен дискурс теорияларының негізгі нысандары болып табылатын прагмалингвистика да тіл білімінде айрықша көрініс табуда. Осы уақытқа дейін мәтін тек жазбаша материалдарға қатысты қолданып, жазуға байланысты қарастырылып келді. И.Р. Гальперин, Л.М. Лосева сияқты зерттеушілер мәтінді тек жазба тілге тән деп көрсетіп келді. Ол кезде дискурсқа мән берілмеген.

Мәтіннің ауызша және жазбаша формада келуіне А.А. Залевская былай деп пікірін білдіреді: «Как отмечается в работе (О.Б. Сиротинина и др.) это один из дискуссионных вопросов, по-разному решаемый лингвистами: некоторые из них признают текст только в письменной речи, другие допускают существование текста и в устной, но только монологической речи, третьи считают возможным говорит о тексте в диалогической речи как реализации любого речевого замысла. Большинство ученых все же считает текстом только определенным образом построенную, организованную речь»

Бөлісу