Дискурс пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері

Мәтін жазбаша түрде ғана емес, сөйлеу әрекеті жағдайында да пайда болады. Сондықтан қарым-қатынас үстіндегі сөйлеу әрекеті өзіндік ерекшеліктері арқылы даралана отырып түрлі қасиеттерге ие болады. Ол термин ретінде тіл білімінде « дискурс», «дискурстық талдау» деп беріліп жүр.

Осыған орай Ю.А. Левицкий: «Речь можно осуществляться в двух формах–устной и письменной. Следовательно и тексты могут быть устными и письменными» ,– деп атап көрсетеді

Сонымен тіл білімінде дискурс, дискурсивті анализ (талдау) сияқты ұғымдар қалыптасты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс. 

Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дәл сол терминмен аталмаса да қолданыста болған деуге болады. «Дискурс» сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» (разумные размышление) деген ұғымға да жақын. Дискурс терминінің жан-жақты кеңеюіне, әр түрлі сипатқа ие болуына Д. Ван Дейк мектебі әсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде дискурс сөйлеуші—- мәтін—–тыңдаушы тұрғысында қарастырылып, тыңдаушының қабылдауына айрықша көңіл бөлініп отыр.

Дискурс ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап лингвистикада алғашында «сөйлеу»мағынасында қолданылса, жалпылама түрде «коммуникативтік оқиға», «коммуникативтік жағдай» терминдерімен берілуде.Сондай-ақ, дискурс дәстүрлі стиль ұғымын ары қарай нақтылау үшін және жеке жазушы, ақынның мысалы, Абай тілі, Әуезов стилі дейтін бұрыннан қалыптасқан тіркес мағынасын жаңалап айтатындар. Мәселен, қазіргі орыс саяси дискурсы, ғылыми дискурс, педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем әдебиет дискурсы, әдеби сын дискурсы деп аталып жүр.

Мәтіннің қатысымдық табиғаты – дискурс. Дискурс – тілдік әрекет, сөйлеудің жолы, тәсілі. Дискурс – іс-әрекет, сұхбаттасушылардың өзара қарым-қатынасы.

Бөлісу