Дискурс және оның дефиницалары

Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін Қ. Жұбановтың 30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса да кездестіреміз. Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы көбінесе ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай құрудың тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті»,– деп көрсетеді

Ал қазіргі қазақ тіл білімінде дискурс термині соңғы кезде сөйлеудің дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында тіл ғылымында ерекше орын ала бастады.

Шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан, мәтін ретінде лингвистикалық талдауға негіз болады.

Мәтін – қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес – мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті талдаудың бір бөлімі, компоненті ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы – дискурс мәтін талдаудан басталады. Ғалым Н.Уәлиев атап көрсеткендей, «Мәтін – дискурстық әрекеттің өнімі, нәтижесі, туындысы

Дискурс туралы түсінікке берілген сан алуан пікірлер. Дискурс типологиясы. Дискурс құрылымы.

Бөлісу