Секция Aliases. Секция Baggage

Секция Aliases. Мына секцияда псевдонимін көрсетуге болады идентификатор бөлімімен, MAP секциясын модификациялау көмегімен RTF –файлыңын өзгеруінсіз. Тағайындау батырма Add, Remove, Include және Edit тағы сол сияқты, MAP секциясында да жүреді.

Секция Baggage. Data Files батырмасы Ms HW тірізеден диалог терезесі ашылады, файлдың анықталуы, іздеу кітапханасыда пайдалынады. Осы файалдардың тізімі [Baggage] секциясын жоба файлын сақтайды.

Delphi-де программалау элементтері

  1. Тармақталу командасы. RadioButton компоненті.


Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері Турбо Паскальдағы сияқты:

1) if P then S //қысқа нұсқа

2) if P then S1 else S2 //толық нұсқа

мұндағы P– шарт; S,S1,S2- орындалуы тиіс сериялар (бір блоктық операторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begi – end операторлық жақшылардың ішіне жазылады:

If P then begin

S1

End

Else begin

S2

End;

Блокқа енгізілген оператор тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.

Мысал. RadioButton компоненттерін пайдаланып, геометриялық фигуралардың аудандарының формулалары жөнінде анықтамалық программа құру керек.

1. Жаңа жоба ашу. Формаға Memo1, RadioButton1,…RadioButton4, BitBtn1,BitB2 компоненттерін орнату. (1 – сурет).

RadioButton – байланысты ауыстырып қосқыш компонент. Формада оның кемінде екеуі орнатылуы тиіс. Олар Checked қасиеті арқылы анықталатын тек екі күйде болуы мүмкін: True және False. жоба іске қосылып, көрінген формада қай ауыстырып қосқыш шертілсе (Check қасиетіне True мәні меншіктелсе), программада осыған сәйкес программа бөлімі орындалады.

1 – сурет Калькулятор үшін дайындалған

  1. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент Қасиет Мән
Form1RadioButton1

RadioButton2

RadioButton3

RadioButton4

BitBtn1

BitBtn2

CaptionFont

Caption

Caption

Caption

Caption

Kind

Kind

Геометрия-анықтамалықTmes Kaz, 11

Үшбұрыш

Тіктөртбұрыш

Дөңгелек

Трапеция

BkOK

BkClose

  1. ОК батырмасын екі рет шертіп, батырманың OnClickоқиғасын өңдеуіш процедурасын құру:


Procedure Tform1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

Begin

If RadioButton1.Checked then

Begin Memo1.Lines.clear;

Memo1.Lines.Add(S=ah/2);

Memo1.Lines.Add(‘a – үшбұрыш табаны, h – биіктігі’);

End;

If RadioButton2.Checked then

Begin Memo1.Lines.clear;

Memo1.Lines.Add(S=ab);

Memo1.Lines.Add(‘a – тіктөртбрыш табаны, b- биіктігі’);

End;

If RadioButton3.Checked then

Begin Memo1.Lines.clear;

Memo1.Lines.Add(S=Pi*r*r);

Memo1.Lines.Add(‘r- дөңгелек радиусы, Pi – 3,14’);

End;

If RadioButton4.Checked then

Begin Memo1.Lines.clear;

Memo1.Lines.Add(S=(a+b)*h/2);

Memo1.Lines.Add(‘a,b – тіктөртбрыш табаны, h- биіктігі’);

End;

End;

  1. Жобаны сақтап, – іске қосу. Көрінген формадан қажетті фигураның атауын таңдап, ОК батырмасын шерту. Мысалы, «Трапеция» қатарындағы ауыстырып-қосқыш орнатылса, өрісінде нәтиже көрінеді (1-сурет).


 

Бөлісу