WEB-технологияларының қолдану орталары

Әр деңгейдің байланыс жүргізуі үшін орындауға қажетті алдын-ала берілген функциялар бар. 

Қолданбалы деңгей (7-ші деңгей)-OSI қолданушыға ең жақын деңгей. Басқалардан OSI деңгейлерінің ешқайсысына жұмыс жасамайтынымен ерекшелінеді. Ол OSI масштабынан тыс қолданбалы процестерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Мұның мысалдары болып дыбыс сигналдарын, мәліметтер қорын, текстік процессорларды алмасу процестері болып табылады.

Қойылымдық деңгей (6-шы деңгей) – бір жүйенің қолданбалы деңгейінен жіберілетін ақпарат келесі бір жүйенің қолданбалы деңгейінде оқылуына жауап береді. Сонымен қатар бұл деңгей әртүрлі форматтағы ақпараттар трансляциясын жалпы бір форматқа ауыстыруды жүргізеді.

Сеанстық деңгей (5-ші деңгей) – қолданбалы есептер арасындағы қатынас сеанстарын орнатады, басқарады, аяқтайды. Сеанстар 2 немесе одан да көп қойылым объектілерінің арасындағы диалогта тұрады. Бұл деңгей қойылымдық деңгейдегі ақпараттар алмасуын басқарады.

Транспорттық деңгей (4-ші деңгей) – сеанстық және транспорттық деңгейлер арасындағы шекара жоғары және төмен протоколдар арасындағы шекараға ұқсас. олданбалы және қойылымдық, сеанстық деңгейлер қолданбалы сұрақтармен айналысқанда, 4 төмен деңгейлер мәліметтерді транспорттау проблемаларын шешеді.

Желілік деңгей (3-ші деңгей) – соңғы екі жүйелердің арасында маршрут таңдау және біріктіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Каналдық деңгей (2-ші деңгей) (ақпараттық каналдық деп те аталады) – физикалық каналдар арқылы ақпараттарды сенімді транзиттеуді қамтамасыз етеді. Осы есепті шешумен қатар бұл деңгей адресация сұрақтарын, желі топологиясын, сызықтық тәртіп қателер жайында мәліметтерді реттелген жеткізілуін және ақпараттар тобын басқаруды шешеді.

Физикалық деңгей (1-ші деңгей) – орнатудың электротехникалық, механикалық, процедуралық, функционалдық характеристикалары, соңғы жүйелер арасындағы физикалық каналдың қолдауы мен ажырауын анықтайды. Бұл деңгейдің спецификачы синхронизация параметрлерін, ақпараттар алмасу жылдамдығын арақашықтықты және т.б аналогтық характеристикаларын анықтайды.

Бөлісу