Жанрлық мәтінге қажетті фактілерді ірктеу мен сұрыптаудың маңыздылығы

Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.» – деген болатын[5].

Демек, оқырманды тарту үшін де жанрды жаңғыртып, түлетіп отырудың рөлі орасан зор екендігін жағарыдағы ғалым сөзінен тұжырымдаймыз. Бүгінгі «қысқалық мен нұсқалық керек» деп, барынша қысқалыққа, жалаңдыққа, тек қана ақпарат жазуға бейімделіп келе жатқан қазақ журналистикасы көркемдіктен ажырап, мүлдем жұтаңданып кеткен сыңайлы.

Бір мақаланың ішіне бірнеше жанрлық элементтері енгізіп, жанрлық қойыртпақтыққа тап болып отырғанымыз – өз алдына үлкен проблема. Кезіндегі баспасөз бетінде үлкен сілкініс туғызған Камал Смайылов пен Шерхан Мұртазаның арасында өрбитін эпистолярлық жанр да ұмыт болып барады. Профессор Қожакеевше айтсақ, газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы – жанрлардың «жүрек соғысы» қазіргі басылымдарда тіптен мүшкіл. 
Жанр жөнінде белгілі ғалым, профессор Т.Қожакеев: «Жанр дегеніміз – газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы» деп тұжырымдаса, М.М.Бахтин есімді ғалым: «Жанр – всегда тот, и не тот, всегда стар и нов одновременно. Жанр взрождается и обновляется на каждом этапе развития литературы и в каждом индивидуальном произведении данного жанра. Жанр живет настоящим, но всегде помнит свое прошлое. Жанр – представитель творческой памяти в процессе литературного представителя. Конец цитаты» деп дәйектейді. Яғни, жанр қашанда таныс һәм бейтаныс.

Көнелігі мен сонылығы қашанда мезгілдес. Жанр – әдебиет дамуының әр кезеңінде және сол жанрдың әрбір жеке шығармасында жаңғырып, жасарып отырады. Жанр – бүгінгі күнмен өмір сүреді, бірақ өзінің өткенін естен шығармайды. Жанр – әдебиет дамуы үдерісіндегі шығармашылық жадтың өкілі. Дәйексөздің аяғы. (ауд. – К.Қамзин. – Н.Ж.).


Демек, жанр дегеніміздің өзі француздың «qenre» деген сөзінен шығып, біздің тілімізде «түр» деген баламаны береді екен. Яғни, жанр – ол, біздіңше, түр. « Газет жанрлары әр алуан, олардың ерекшеліктер де әр түрлі екені мәлім. Газет материалдарының сапалы болуы олардың жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, арқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, саны жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде, ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады.

Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.». [5]

Жанр жөнінде ғалым тағы да мынадай пікір білдіреді: «Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы пішініне ғана қарап қоймаймыз. Олардың атқаратын функцияларын негізге аламыз, өйткені олардың атқаратын функцияларына қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленулері жанрлардың жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді қолай көреді.

Немесе жанды фактілер арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді мақсат етеді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беруді көздейді. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем-публицистикалық болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді.

Бөлісу