Түсіндірменің құрылымы, мәтіні және стилі

Түсіндірме-көркем шығарманың қандай жағдайда,қай уақытта жазылғаны жайлы анықтама,оның идеалық мазмұнын,құрылыс бітімін неғұрлым терең танып білуге қажетті деректер.Баспасөзде:

1.Кітапқа түсініктеме-мәтінді түсіндіру,кітаптың ғылыми-аппаратының бөлігі.Түсіндірме қысқа,үнемді,ыңғайлы болады.

2.Жалпы БАҚ жүйесіндегі насихат материалдарының бір түрі.Түсіндірмені қоғамдық-саяси оқиғалардың,құжаттардың жайын,мәнісін түсіндіруге т.с.с пайдаланады.

3.Радио,теледидар саласындағы материалдардың жедел түсіндірмесі.Қоғамдық-саяси,әлеуметтік-экономикалық,спорт және т.б өзекті мәселелер мәнін жан-жақты ашып жеткізу.

Комментатор (түсініктемеші)-белгілі сала бойынша білетіні,көргені көп,сол арқылы не бір шешуі қиын проблемалар туралы кесіп-пішерлік пікір-ой айта алатын,өзіндік ойларға,батыл болжамдарға бай,өмірлік құбылыстарды қабылдап,оларға баға беруде өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін тұлға.Бұл үшін оның тиісті бір сала бойынша мамандануы,сол саладан ол білмейтін құпия болмайтындай дәрежеге көтерілуі қажет .Коментатор белгілі бір ұғымның атынан сөйлегенімен,өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.Коментатор-әрі диктор,әрі режиссер,әрі редактор,әрі репортер,әрі жүргізуші,әрі сұхбаттасушы.

Бөлісу