«Жетісу» газетінің экономиканың ауыл шаруашылық секторына арналған корреспонденциялары

«Жетісу» облыстық газет болса да қамтитын тақырыптары тұтас Республиканың мәселелерін шолып өтеді. Жетісу газеті өз ақпараттарын «Экономика», «Елбасы тапсырмалары іс жүзінде», «Білім», «Денсаулық», «саясат», «Имандылық», «Спорт», «Халық тарих толқынында» және «Ауыл шаруашылығы» айдарларына бөлініп ел назарына ұсынылады.

Қазір Ауыл шаруашылығы айдарына тоқталар болсақ бұл айдардың ерекшелігі мен ұтымды жері оқырмандарға ауыл өмірінің көріністерін берілген ақпараттар легі арқылы оқырман назарына ұсына алатындығы.

Қазіргі таңда жастар қауымы барлық жағдай қалада деген сөзден таяр емес. Осы орайда Ауыл шаруашылығы айдарында жарық көрген кейбір мақалалар осы сөздерге қарсы бола алады. Мысал 2013 жылдың әр айында газет бетінде көрінген «АГРОбизнес – 2020» мақаласы , «Мол өнім алынды», «Астық бітік шықты», «Жас мамандар ауылда», «Отбасылық бизнес» атты мақалалар ауыл өмірінің керемет тұстарынан сыр шертеді. «Шаруа шырайын келтірді» мақаласында Амирден Тохтахуновтың өзі туып өскен ауылын көркейтіп сонда өзінің жеке кәсібін ашқандығы туралы баяндалады.

Ірі қара мал басын 10 нан 100 ге толтырып 100 ден 300 ге жеткізіп қазіргі таңда өзінің жеке табиғи сүт өнімдерімен тұтас аймақты қамтамасыз етіп отырғандығы сыйлауға тұратын жағдай. Осы секілді мақалалар ауылдан да көзін тапсаң кез келген істің басын иіріп әкете алуға болатынын айқындайды. Бұл айдар тек қана ауылдағы қуанышты, табысты жағдайларды ғана жариялап қоймай, кейбір ауылдардың жоғын жоқтап, мұңын зарнап жоғарыдағы билік өкілдерінің құлағына жеткізеді. Өздеріңіз білетіндей көп ауыл мәселелері тек қана БАҚ өкілдерінің араласуымен шешіліп жатады.

Бөлісу