«Қазақ университеті» газетіндегі студенттер шығармашылығы

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш же тістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағы ты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық.

Роман алғаш рет қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысы болған туындыға айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты эссе естелігінде (Жұлдыз, 1990, No 6) былай дейді:

«…Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес ауылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыра тын. Үлкендер жағы кешкі отырыстар да «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын тойларда кі таптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын».

Роман сол кездің өзінде екі рет басылып (1910, 1914) шыққандығының өзі көп дүниені айтқандай. Сол заман, сол кездің саяси көзқарасымен қарағанда

бұндай тақырыптағы роман екі рет қатарынан басылу ел қалауы, талабы екендігі анық. Содан бері басылып келеді. Әлі басылып келеді. Оқырманын әсте жоғалтқан емес.

Енді романның көркемдік жағына ойыссақ. Романның жазылу формасы өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір баян, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз. Ғалидың да, Жамалдың да аузына автор ішкі сезімін, толғанысын өлеңмен салып отырған. Мысалы, Жұманға атастырып, малға сатып жіберген ата анасына ренжіп былай дегені бар:

Мен қайран ата-ананың сатқанына, Бір тазды жалпақ елден тапқанына. Атама мен не жазып ем қор қылғандай, Болмаса бір мінезім жақпады ма? –

деген бір ауыз өлең күллі қазақ қызының арызы іспетті. Романда баяндаудың хат үлгісін қолдануы қазіргі прозамызда дәстүрге айналған тәсілдің бірі. Ғали мен Жамалдың бір біріне хат жазып хабар алысып, бағыт бағдар алысқаны бір дара мотив екендігі белгілі.

Романда автор кейіпкерлерінің бол мысын портрет арқылы танытудың ше бері екендігін танытады. Екі жастың қа сіреті мен қайғысына себепкер болған

Байжан мен мейірімсіз әке Сәрсенбайдың портреттері, сонымен қатар Ғали мен Жамалдың портреті шебер жасалған. Біріне тоқталсақ, автор Ғалидың портретін жасауда біршама суреттеуге барады. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау, Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали, қыздардың абзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырула ры бек жарасып кетті». Романда Жамал мен Ғалидың артықша болмысын әркез толықтыра суреттеп отырады. Жиын отырыстардағы жарасымдылықтарымен қоса, өнерлерімен елді сүйсінтулері екеуінің бірін бірі үшін жаралған жан екендіктерін паш еткендей. Көңіл қосып, жар болуға серттескен жарасымды жастарды трагедияға ұшыратқан заман әділетсіздігі мен ескілік. Жамал кешкен қасіретті, азапты жағдай талай қазақ қыздарының тағдырын көрсетті.

Бөлісу