Бұқаралық журналистика жеке адам проблемалары хақында не айтады?

ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды.

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады.

Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі – ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады.

«Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев .

Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс – мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» . Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады.

Бұқаралқ ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады.

Азаматтық қоғам – бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзін-өзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы.

Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.

Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады.

Бөлісу