«Қазақ әдебиеті» басылымының «Қалжыңқалта» айдарының оқырмандарға әсері туралы не айтасыз?

Ор-ағам осып түсер еді

Орекең (Оралхан Бөкей) жұмысқа келгенде қызмет машинасын Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының төменгі жағындағы «Балалар әлемі» дүкені жанындағы Төле би көшесінде қалдырып, арқардың құлжасынша қайқайып, темекісінің түтінін көкке қарата үрлеп, ешкімге бұрылмастан келіп, Одақ есігіне тура тартатын. Бұл жолы да солай болды. Дүкен жақтан темекісін бұрқырата будақтатып, аспанмен «тілдесе» қайқайып, алшаң басып келеді. Одақ үйінің жоғарғы жақ алаңында әңгіме-дүкен құрып Әлжаппар Әбішев, Сағынғали Сейітов, Мұзафар Әлімбаев, Жаппар Өмірбеков бастаған алты-жеті ақын-жазушы ақсақалдар тұр. Біз – Талаптан Ахметжан марқұм екеуміз есік алдындағы тал көлеңкесін сағалаулымыз. Орекең ешкімді «көрместен» кілт есікке бұрылды. Оны байқап тұрған ақсақалдардың бірі:

– Әй, Оралхан, бұрыла кет, – деді. Орекең жалт қарап, оларды енді көргендей жақындап барып, қолын әдеттегісінше қисайта ұсынып:

– Қазақ әдебиетінің ақсақалдарын мен көктен іздеп жүрсем, мұнда, мына жерде тұр екенсіздер ғой, – деп жымия күлімсіреді. Әңгімешілер бір-біріне ұрлана қарасып, үнсіз қалды. 

Бөлісу