Корреспонденция табиғаты және корреспонденция-толғаныс туралы айтып беріңіз

Корреспонденция (журналистік жанр) дәлелдер мен дәйектерді журналистік сараптау. Корреспонденция болған оқиға жайында дәлелдер келтіре отырып, сол арқылы сарапқа салып, талдап қорытындылайды.

Корреспонденцияны жазуда шапшаңдық пен нақтылық маңызды рөл атқарады. Журналистің корреспонденциясы арқылы оның кәсіби шеберлігін айқындауға болады. Қате айтылған әр дәйек корреспонденцияның беделін бір-ақ сәтте түсіреді.

  Корреспонденция-қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеруі,үгіт пен насихаттың құралдары арқылы берілуі жағынан алғанда публицистиканың негізгі жанрының бірі.Корреспонденция оқырман назарын келелі міндеттерге аударып,оны іс жүзінде орындауға жұмылдырады.

  Корреспонденцияда орын,уақыт,жағдай бірлестігі және адамның қатысуы міндетті нәрсе.

   Корреспонденция -публицистикалық жанр,белгілі бңр нысандағы нақты әлеуметтік жағдай мен оқиғаларды,құбылыстар мен фактлерді зерттеп,талдау және қорыту негізінде жазылатын мерзімді баспасөздік шығарма.Ол қоғам өміріндегі жаңалық-құбылысты,озат тәжірибені насихаттауды,шұғыл шешуді қажет ететін келелі міндеттерді және олқылық-кемшіліктердің бетін ашуды мақсат етеді.Жазылу стилі мен әдісі жағынан ақпараттық және талдама корреспонденция топтарына бөлінеді.Ақпараттық корреспонденция белгілі бір уақытта болған  фактлер мен оқиғаларды хабарлап,оған баға береді.Талдама корреспонденция белгілі бір құбылыстың,оқиғаның,фактінің себеп-салдарын талдау арқылы ішкі мазмұн-мәнін аша отырып,олар жөнінде белгілі бір пікір -қорытынды жасайды.

    Жедел корреспонденция – корреспонденцияның аса жылдамдықпен, тез орындалатын түрі.

Жедел корреспонденция арқылы журналистің табиғи дарыны мен қабілетінің шамасын оп-оңай анықтауға болады. Себебі жедел корреспонденцияда журналист барлық қарым-қабілетін ортаға жайып салады. Оны түзетуге немесе өзгертуге уақыттың тығыздығы кедергі келтіреді. Сондықтан жедел корреспонденция жасауға кәсіби маманданған, қабілетті, аса дарынды журналистер ғана батыл бара алады.

Ол озат бастама мен тыңнан туған ой-пікірлерді тақырыбына негіз жасай отырып, жан-жақты, нақтылы, деректі әрі дәйекті корреспонденцияны жылдам жазып шығару керек.

   Портреттік корреспонденция – суреттеу стилінде жазылатын корреспонденцияның ерекше түрі. [1]. Ондағы негізгі мақсат: болған оқиғаны, құбылысты оқырманға, көрерменге көркем тілмен суреттеп беру, жеткізу. Портреттік корреспонденцияда ойдан шығару, ойдан қосу дегендер болмайды.

Корреспонденцияның барлық түріне тән дәлелдер, дәйектер, деректер мұнда да міндетті түрде орын алуы тиіс. Сондай-ақ мұнда кейіпкер портретінің элементтері ғана кездеседі. Ол күрделі мәселелерді көтермейді немесе белгілі бір мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Проблемалық сарын бұған шарт емес, сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау, себептерін анықтау, оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды.

   Проблемалық корреспонденция – проблемалық, түйінді мәселелер жайлы жазылатын корреспонденцияның айрықша түрі.

Мұнда журналист мәселеге жан-жақты әрі терең талдау жасайды. Сондай-ақ оқиға барысының баяндалуы мен оны қорытындылау анағұрлым күрделі болуы тиіс. Проблемалық корреспонденция күрделілігі және маңыздылығы жөнінен ауқымды әрі салмақты болып келеді, ал жедел және суреттеме корреспонденциялардың тақырыбы шағын және шектеулі болып келеді. Онда оқиға дәйектерін талдау, оның себептерін ашу, оларды түйіндеу арқылы ой-пікілердің туындауы жиі кездеседі.

Корреспонденциядағы түйін оқиғаның қорытындысы журналист көзімен түйінделеді.

    Суреттеме корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі суреттеу стилімен жазылады.Мұндағы негізгі мақсат-болған оқиғаны,құбылсы оқырманға көркем тілмен жеткізу.Суреттеме корреспонденцияда ойдан шығару(вымысел),ойдан қосу дегендер болмайды.Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкер элементтері ғана болады. Суреттеме корреспонденция күрделі мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Суреттеме корреспонденция көбінесе адамдардың еңбек табыстарын,қажырлы еңбектің жемісін көркем тілмен баяндап береді.Күрделі бір мәселе көтеруді,оның төңірегінде пікір туғызуды суреттеме коррепонденция мақсат етпейді. Суреттеме корреспонденцияда көбінесе өміріміздің жағымды жақтары қамтылады. Сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау,себептерін анықтау,оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды.

Мысалы суреттеме корреспонденцияға “Дала қарлығашы” деген суреттемені алсақ; “Басында түлкі құлақшыны бар,үстінде шолақ қара тон киген жас шапан әдемі қара жорғасын шалқайта басып,ат маңдайын үй сыртындағы бір теен шөпке тіреді.Қанжығасына ілген тағауызын ұстап,бір қолымен ат жалын қамти жерге ырғып түсті де,атының е-тоқымын алмастан ,алдына бір айыр шөп тастады. М.И.Калиннің корреспонденцияда “адамның психологиялық рухани көңіл күйі……көрсетілсе”деген талабы бұл суреттеме корреспонденцияға жақсы іске асқан.Сөйтіп,суреттеме корреспонденция көбінесе еңбекке сән берген адам ,адамға абырой әперетін еңбек жайлы тартымды тілмен нанамды суреттеп береді.

   Қазір газет-журналдарда корреспонденция – толғаныс (раздумье) деп атауға болатын материалдар көрініп жүр.Мұны көбінесе оқырмандардың өзі жазады.Оларда авторлар көбіне өз өміріндегі ерекше бір жайларды,бастан кешке қиын оқиғаларды жұрттың талқысына салады.Елмен пікірлесе отырып бачндап,өз ойларын айтады,түсінігін білдіреді.Сол жөнінде оқырмандардың не дейтінін сұрайды.Мысалы “Комсомольская правда “газеті”Очень личная”деген рубрикамен Лариса деген қыздың”Ақыры жалғыз қалдым”деген өкініш толғанысын берді.

Айтуына қарағанда Лариса балалар үйінде өскен,ата-ананың  аялы алақаның көрмеген, жанашыр жақын,дос- жараны да болмаған.Ол адам жылылығын аңсаған.Жолы болмай жүрген,жұрт адам санатына санамай шеттетіп тастаған біреуді тауып,қол ұшын беріп,адам қатарына қосып,соның сүйіспеншілігіне бөленуді ойлаған.

Ақыры ол  өзі оқитын инситутта  бүкіл коллективте жексұрын болып,жалғыз қалған,ішімдікке салып,милициядан шықпайтын,сабақ үлгере алмай,степендиядан айрылған “ол да-бір шіріген жұмыртқа “- деп ата-анасы безген Вололдия деген студентті табады.Соның тағдарына араласады.Көп қиындықпен қаржымен бөтелкелес достарынан құтқарып алып,өзі оқытып,қатарға қосады.Бірде ол аяғын сындырып ауруханада,жатаханада айлап жатқан.Сонда не әке-шешеден не курстастарынан еш қайыр болмаған.Оны аузындағысын жырып беріп,күндіз-түні қасында болып Лариса баққан.Төрт жыл сүйреп жүріп институтты бітірген.

   Сөйткен Володия Ларисаны шоққа отырғызып кеткен.Ол басқа қызға үйленіп кеткен.

   Сонымен мен не таптым ақымақ болдым ба,әлде адамгершілік істедім бе,жақсылыққа – жақсылық деген қайда,жалғыздықтың тақсіретін тартып,тағы аңырап қалғаным ба?-деп сұрады Лариса.Корреспонденция соңында газет оқырмандары  Лариса ісіне баға беруге,оған ақыл-кеңестерімен көмектесуге шақырды.

    Міне,бұлар жай хабар-ошар емес,редакцияға жазыла салған хатта емес,нағыз корреспонденция.Өйткені оларда Володияның жат ортаға қалай тап болғаны,қалай теріс жолға түскені,ешкімге керексіз болып,өмірі бітуге айналған оның адамдар қатарына қалай қайта қосылғаны талдана баяндалған.Володияның әке-шешесі бар,олардың бедел-ықпалы да бар,жас маман мені алысқа жібертпей қалада қалдырып,тәуір креслода отырғызады деген есеппен басқа қызға аунап түсу сыры да терең ашылған.

  Корреспонденцияның бұл түрін әр-газеттен ақ кездестіруге болады.”Правда” газеті мұны “Факт төңірегінде толғаныс” Хаттар төңірегінде ойланыс “деген рубрикамен беріліп жүр.

Бөлісу