«Заң газетіндегі» заңдылық мәселелеріне арналған корреспонденцияға нақты мысал келтіріңіз?

Жалпы, «Заң» газеті – «Заң» медиа-корпорациясынан 1994 жылдан бастап шығып келетін қоғамдық-саяси, құқықтық газет. Аты да айғайлап соқырға таяқ ұстатқандай айқындалып тұр – «Заң».

Бұл газет бетіндегі ұраны, эмблемасы бар.  Газеттің жоғарғы сол жағында берілген:

«Сөздің төресі – халықтың өресі».

Енді «Заң» газетіндегі құқық мәселелеріне арналған мәтіндердің пішіндері туралы айтайын.

Мәселен, «Ұсақ құқық бұзушылыққа қарсы өз нәтижесін бере бастады мақаласындағы бастаңғы лид мынандай: «Барлық жақсылық та, жамандық та кішкентай нәрседен басталады. Кәдімгі орта мектептегі физика пәні бойынша шағын үйірмеге қатысып жүрген оқушы әлемнің ғажайып физигі болып шығуы мүмкін. Керісінше, ауладағы кішкентай бұзақының ұсақ бұзақылығына дер кезінде шара қолданбаса, өсе келе қаланың аты-шулы тентегіне айналуы ғажап емес. Әңгімені бүлай бастауымызға Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған ұсақ бұзақылыққа «нөлдік төзімділік» принципі себепші болып отыр»,-делінген. Иә, балалардың құқық бұзушылыққа жол беруі жайында айтылған.

Сонымен қатар, «Зияткерлік құқық саласындағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру қажет», «Міні көп министрлік адасумен келеді»  сынды материалдардың мақсаттары: халыққа ақпарат жеткізу, барлық жайттардан хабардар ету, бір жағынан коп ата-аналарға құлаққағыс ретінде жазылған  

Бұл газетте «Би-Логистик» деген айдармен «Нормативтік құқықтық актілер» де жарияланып тұрады.

Есеп жанрына жататын «Билер құрамы тұрғындармен жүздесті» сынды материалдарды, «Миранда ережесін» сақтауға құқық қорғаушылар құлықты ма» деген мақаланы да жатқызуға болады.

Бұл газетте, айта кетерлік бір нәрсе, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Заң және Біз» атты тележобаның газет нұсқасы «Сот шешімдерінің орындалмау себебі» атты тақыраппен жарық көрді.

Мұның бәрі «жаңалықтар желісі» принципіне жатады.

Бөлісу