Профессор М.К. Барманқұлов репортаж жанры туралы не айтқан?

Репортаж (reportageфранц. – хабарласу) – Тележурналистиканың маңызды және заманауи жанрларының бірі, журналисттің оқиға орынынан беретін дәйекті ақпараты. Репортаждың жанрлық элементтері:

1.Мекенжай

2.Оқиға

3.Тілшінің баяндауы

4.Оқиғаға қалыптасышының немесе оқиғаға куәгердің сөзі

5.Оқиғаның ахуалы

Репортаж түрлері:

1.Оқиғалық – қоғамдыұ маңызды оқиғаны хронологиялық тәртіппен жеткізеді.Ең көп тарағын түрі.

2.Проблемалық – оқиғалық сараптау элементтері авторлықжарияламалар және қортындылар. Автор қосымша ақпараттар, сандар және құжаттар ұсына алады.

3.Тікелей.

4.Тікелей емес.

Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай-қайсысы да репортажсыз, репортаждың қатысынсыз жарық  көрген емес. Шешенстаннан жасалған репортаж, апат оырн алған жерден репортаж, велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж. Репортаж  жекелеген көп уақыт аралығын қамтитын бағдарламаларға. Футбол сайысынан алынған, Жамбылдың  150 жылдығынан, «Азия даусы» байқауынан, Алматыдағы жаңа қонақ үйдің ашылу сальтанатынан, «Балалар суреті» конкурсынан , астық жинау науқанынан, опера театрының алдындағы  алаңда өткен  байқаудан, мерекелік жиындардан, Байқоңыр ғарыш айлағынан алынған репортаждар…Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін  сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады.  Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. Репортаж – бұл оқиғалар жайындағы оперативті,  қозғалмалы, көңіл-күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнектілігі арқылы автордың бұд оқиғаға қатысқандығы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді.

Репортаж – оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, обьективті, жедел шығарма. Жалпы, репортаждың негізгі элементтері: оқиға, мекен-жай, куәгер сөзі.

Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады.

Бөлісу