Ақпараттарды топтастыру приниптері мен тиімділігі

«Ақпаратсыз  ең мықты саясаткер,ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік  ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады.» – Марат Барманқұлов.

Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат болып қалады.

Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ақпаратты тек болған оқиғаға ғана қатысты емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға дабайланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады. Телевидение үміткерді өлтіре алады. Міне, сондықтан Ширак шығар кезде әрбір майда-шүйдеге мән берді. Митингілерде камераны 12 метр қашықтыққа орналастырды. Трибунадан сәл жоғарырақ қойылды. Түсірілім сағат 7.00-ге жоспарланды., өйткені сегіз сағаттық тележурналдан көрсетіліп үлгеруі керек.

Телевидение шындықты көрсеткенді ұнатады. Саясаткерлер телевидениені өздерін жақсы жағынан көрсеткені үшін жақсы көреді. Дегенмен, телевидение саясаткерлердің шынай өмірін көрсетіп қана қоймай, олардан өшін алады. Шындыққа айналып кеткен өтірікті де көрсетеді.

Бөлісу